Вернуться к списку статей

Патрик Твумасидің үйіне ұрылар түсіп, тонап кетті

Футбол
2K
Фото Патрик Твумасидің Instagram-дағы жеке парақшасынан алынды
«Астана» футбол клубының ойыншысы Патрик Твумасиді туған еліндегі өз үйінде ұрылар қару кезеніп, тонап кетіпті.

Бұл ақпаратты Ghana Sports Online басылымы да жазды, Патрик Твумасидің өзі де Instagram-дағы жеке парақшасына жазды. Ұрылар оның Гана астанасындағы үйіне түсіп, ақшасын және бағалы заттарын алып кеткен.

Патрик Твумаси үйіне Жаңа жыл мерекелеріне қарсы келген екен. Әрі жақында ғана дүниеге келген баласын көруге барған. Қарулы ұрылар оның үйіне кіріп, тапанша кезенген.

Патрик Твумаси отбасының амандығын ойлап, тапанша кезенген ұрылардың не алса да, қолдарын қақпаудан басқа амалы қалмаған. Ghana Sports Online басылымының мәлімдеуінше, ұрылар өте қомақты сомада ақша үптеп кеткен...

«Аллаға рахмет, менің отбасым осы түннен аман қалдық, енді қауіпсізбіз. Әрине, мен бұған қуанышты емеспін, бірақ отбасым – аман. Ұрылар қарумен келіп, ақшамызды және бағалы заттарымызды алып кетті. Бірақ тірі қалдық. Бары осы...», – деп жазды, Патрик Твумаси Instagram-дағы жеке парақшасына.

Ghana Sports Online басылымының мәлімдеуінше, Патрик бірден болған жағдайды полицияға хабарлаған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика