Вернуться к списку статей

Гранаткин турниріндегі қарсыластарымыз анықталды

Футбол
1K
2016 жылғы Гранаткин турнирінде Қазақстан жеткіншектері 10-орынмен шектелген... Фото: granatkin.com
Бүгін Ресей футбол одағында халықаралық Гранаткин мемориалының жеребесі тартылды. Қазақстан U-17 құрамасы «С» тобына түсті.

Жасөспірімдер арасындағы халықаралық XXIХ Гранаткин турнирі 2017 жылдың 7-22 қаңтар аралығында Санкт-Петербург қаласында өтеді. Дәстүрлі доп додасына 16 құрама қатысады. Олар – 1999 жылы және одан кейін туған жас жеткіншектерден жасақталған командалар.

Жеребе қорытындысы:

«А» тобы: Тәжікстан, Грекия, Болгария, Эстония.
«В» тобы: Латвия, Беларусь, Ресей, Үндістан.
«С» тобы: Литва, Әзірбайжан, Словакия, Қазақстан.
«D» тобы: Молдова, Словения, Санкт-Петербург, Иран.

XXIХ Гранаткин турнирінің ойындары Петербордағы спорттық-концерттік кешенде өтеді. Ұйымдастырушылар ойындар күнтізбесін әлі дайындамаған сияқты, РФО сайтына «алдағы күндері жариялаймыз» деп жазған.

Қазақстан U-17 құрамасы алдағы аптада оқу-жаттығу жиынын бастайды. Команда құрамы әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан бозбалалары Ойрат Садуовтың жетекшілік етуімен осы турнирде10-орынды қанағат тұтқан болатын (барлығы 14 құрама болған).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика