Вернуться к списку статей

Қазақстан футбол федерациясында – қысқа қайырғанда...

Футбол
1K
Сейілдә Байшақов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды. Фото: kff.kz
Кешеден бері Қазақстан футбол федерациясында жаңалық аз емес. Жаңа Президент мемлекет тарапынан марапатталып, басшылар арасында тағы да ауыс-түйіс жүзеге асты.

Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінде салтанатты жиын өтіп, онда мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері марпатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақовты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Рафаэль Гарибянның отбасылық жағдайына байланысты аталған қызметінен кеткені мәлім болды.

Сондай-ақ бүгін ҚФФ ресми сайты Игорь Утробиннің Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері қызметіне тағайындалып, жұмысына кіріскенін жариялады.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика