Вернуться к списку статей

Қазақстан U-17 құрамасының Еуро-2018 додасындағы қарсыластары

Футбол
1K
Қазақстан U-17 құрамасы. Фото: kff.kz
Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы, 2018 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстан жеткіншектері алтыншы топқа түсті.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ХVІІ Еуропа чемпионатының финалдық додасы 2018 жылдың мамыр айында Англияда өтеді. Оған 16 құрама қатысады. Ағылшын жеткіншектері чемпионат қожайындары ретінде финалдық кезеңге тікелей шығады.

Қалған командалар екі електік сатыдан тұратын іріктеу ойындары арқылы 15 жолдаманы сарапқа салады. Әуелі 52 құрама 13 топқа бөлініп додаға түседі. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында рейтингтері жоғары Германия және Португалия құрамалары алғашқы електік додаға қатыспай, екінші сатысында қосылады.

Бүгін бірінші електік кезеңнің жеребесі тартылып, 52 құрама 13 топқа тең бөлінді. Қазақстан U-17 құрамасы 6-топқа түсті. Қарсыластары – Франция, Словения және Беларусь бозбалалары. Бұл топтың ойындары 2017 жылдың 19-25 қазан аралығында Беларусь жерінде өтеді.

Екінші електік кезеңге әр топтан екі команда шығады (яғни 26 құрама). Сондай-ақ оларға өз топтарында үшінші орын алғандардың ішіндегі техникалық көрсеткіштері жоғары төртеуі қосылады. Бұларға Германия мен Португалияны қосамыз. Сонда, барлығы – 32 құрама.

2018 жылдың көктемінде осы 32 құрама сегіз топқа бөлініп, екінші електік додада бақ сынайды. Финалға әр топтың жеңімпаздары мен сегіз топта екінші орын алғандардың ішіндегі техникалық көрсеткіштері жоғары жетеуі шығады (яғни 15 құрама).

1-електік кезеңдегі 13 топ:

1-топ (26 қазан – 1 қараша): Бельгия, Швейцария, Солтүстік Ирландия, Мальта*

2-топ (19-25 қараша): Испания, Хорватия, Албания*, Лихтенштейн

3-топ (13-19 қазан): Чехия*, Түркия, Израиль, Армения

4-топ (27 қазан – 3 қараша): Ресей, Исландия, Финляндия*, Фарер аралдары

5-топ (18-24 қазан): Сербия*, Грекия, Норвегия, Гибралтар

6-топ (19-25 қазан): Франция, Словения, Беларусь*, Қазақстан

7-топ (22-28 қазан): Шотландия, Дания, Эстония*, Андорра

8-топ (2-8 қазан): Босния және Герцеговина, Словакия, Молдова, Македония*

9-топ (10-16 қазан): Нидерланды, Уэльс, Венгрия*, Косово

10-топ (23-29 қазан): Австрия, Румыния*, Литва, Люксембург

11-топ (10-16 қазан): Ирландия, Украина, Болгария*, Әзірбайжан

12-топ (17-23 қазан): Польша, Швеция, Кипр*, Сан-Марино

13-топ (24-30 қазан): Италия, Грузия*, Латвия, Қаратау

* әр топтың қожайындары

Екінші електік кезеңге тікелей шыққандар: Германия, Португалия

Финалдық додаға тікелей шыққан: Англия (чемпионат қожайыны)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика