- Қазақстан чемпионатының аяқталып қойғанына қарамастан ойынға барынша дайындалдық. Жалпы, біз биыл Қазақстан чемпионатын және Кубогын жеңіп алдық. Енді ертеңгі «Янг Бойзға» қарсы кездесуде де жеңіске жетіп, маусымды сәтті аяқтасақ дейміз. Рас, біз де, швейцариялықтар да топтан шығу мүмкіндігімізден айрылып қалғанбыз. Дегенмен, соған қарамастан алдағы ойында шәкірттерім жасыл алаңда жанын сала ойнайды деген үміттемін.
- БАҚ беттерінде «Янг Бойз» командасының алты ойыншысы жарақат алды деген ақпарат тарап жүр. Бұл сіздерге қаншалықты қол болады?
- «Янг Бойз» командасының қосалқы құрамында жарақат алған ойыншылардың орнын жоқтатпайтын ойыншылар жетерлік. Бізге қарсылас команданың ыңғайына жығылу қажет емес. Алаңда өз ойынымызды көрсетуміз керек .
- Ал «Астана» сапында жарақат алған ойыншылар бар ма?
- Көзіне кішігірім ота жасау қажеттілігі туындағандықтан Швейцарияға команда капитаны Таңат Нөсербаев келе алмады. Одан бөлек, Агим Ибраими жарақаттан соң аяққа енді тұрып келе жатыр.
- «Янг Бойз» командасының бас бапкері командасының барынша шабуылда ойнайтынын айтқан болатын. Сіздің жоспарыңыз қандай?
- Біз де барлық командалар сияқты жеңіске жетуді бірінші кезекке қоямыз. Бұл ойын топтан шығуға мүмкіндік бермесе де, УЕФА рейтингіндегі ұпайымызды түгендеуге керемет мүмкіндік. Алдағы маусымдағы жеребе тарту рәсімі үшін бұл кездесудің маңызы жоғары.