Вернуться к списку статей

Екінші лиганың үздіктері мен таңдаулы құрамасы жарияланды

Футбол
2K
Екінші лиганың үздіктері жарияланды. Фото: pflk.kz
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы Екінші лиганың биылғы маусымдағы үздік ойыншылары мен символикалық құрамасын жариялады. Онда Бекжан Әбдірахман мен Евгений Каптел үздік танылды.

Екінші лиганың үздік ойыншыларын анықтау үшін сауалнама жүргізіліп, онда осы лигада ойнайтын командалардың бапкерлері дауыс берді. Үздіктер екі номинация бойынша анықталды – «Үздік ойыншы» және «Үздік бапкер».

Әрі дауыс беру кезінде әрбір команданың бапкері басым тізілімде үш ойыншыны (бапкердің) аты-жөнін атауы тиіс болатын. Онда бірінші жазылған ойыншыға үш, екіншісіне екі, ал үшіншісіне бір ұпай беріледі.

Осы сауалнаманың қортындысы бойынша «Екінші лиганың үздік ойыншысы» атағын «ОРСБЖМ №7» (Шымкент) командасының 21 жастағы сұрмергені Бекжан Әбдірахман мен оның құрдасы, «Тобыл-U21» (Қостанай) клубының шабуылшысы Евгений Каптел өзара бөлісті.

Екеуі де 13 ұпай жинапты (2 – бірінші орын, 3 – екінші орын, 1 – үшінші орын. 2016 жылғы маусымда Бекжан Әбдірахман 25 ойында 27 гол соқса, Евгений Каптел 24 матчта 20 рет мергендігімен көзге түсті.

Үштікті 12 ұпаймен «Қайрат-U21» (Алматы) командасының жартылай қорғаушысы Мадияр Райымбек түйіндеді (3 – бірінші, 1 – екінші және 1 – үшінші орындар).

Төртінші орынға 8 ұпаймен «Шахтер-U21» командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев (0, 2, 4), ал бесінші орынға 7 ұпаймен «Астана-U21» ұжымының жартылай қорғаушысы Мәди Жақыпбаев (1, 2, 0) иеленді.

Ал «Екінші лиганың үздік бапкері» номинациясына «Қайрат-U21» командасының жаттықтырушысы Максим Шевченко теңдессіз танылды. Ол 35 ұпай жинап өзгелерден өара үзіп кетті (11 – бірінші, 1 – екінші орын). Ал екінші орындағы Олег Лотовтың («Тобыл-U21») еншісінде – 16 ұпай.

«Екінші лиганың символикалық құрамасы» төмендегідей:

қақпашы – Олег Грубов («Қайрат-U21»);

орталық қорғаушылар – Дильшат Мұсаев, Әлібек Қасым (екеуі де – «Қайрат-U21»);

сол қапталдағы қорғаушы – Александр Жуков («Тобыл-U21»);

оң қапталдағы қорғаушы – Александр Стародубов («Қайрат-U21»);

қорғанысқа тірек болар қорғаушы – Мәди Жақыпбаев («Астана-U21»);

сол қапталдағы жартылай қорғаушы – Рашид Люхай («Қайрат-U21»);

оң қапталдағы жартылай қорғаушы – Мадияр Райымбек («Қайрат-U21»);

ортадағы жартылай қорғаушы – Наурызбек Жагоров («Атырау-U21»);

сол қапталдағы шабуылшы – Оралхан Өміртаев («Шахтер-U21»);

оң қапталдағы шабуылшы – Бекжан Әбдірахман («ОРСБЖМ №7», Шымкент).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика