Вернуться к списку статей

Жасөспірімдер құрамасы “Sheriff cup-2016” додасына қатысады

Футбол
1K
Қазақстан-U17 құрамасы халықаралық “Sheriff cup-2016” турниріне қатысады. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 5-10 желтоқсан аралығында Тирасполь қаласында өтетін «Шериф-2016» халықаралық турниріне қатысады.

Молдова жеріндегі доп додасына алты команда қатысады. Қазақстан-U17 құрамасымен бірге бұл турнирде «Динамо» (Киев, Украина). «Динамо» (Тбилиси, Грузия), «Зенит» (Ресей), «Вииторул» (Констанца, Румыния) және жергілікті «Шериф» командаларының жас таланттары бақ сынайды.

Командалар екі топқа тең бөлінген. Біздің бозбалаларымыз «Динамо» (Тбилиси) және «Шериф» командаларымен бірге “А” тобына түсіпті. Осы ретте айта кетейік, бұл турнирге 17 жасқа дейінгі жас футболшылар қатысады. Десек те, әр командада сапына 1999 жылғы үш ойыншы қосуға рұқсат берілген екен.

Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан U-17 құрамасы бұл турнирге мына құрамда қатысады:

қақпашылар – Данил Устименко («Қайрат»), Олег Медведев («Астана»);

қорғаушылар – Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Санжар Әйтім («Астана»), Әлім Ілиясов («Астана»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы») Сағи Совет («Астана»);

жартылай қорғаушылар –  Диас Қалыбаев («CE Júpiter», Испания), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Руслан Махан («Астана»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Айдос Орал («Шахтер»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Вадим Сидоров («Қайрат»), Александр Усачев («Ақтөбе»);

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет («Монтажник»), Батыр Құдайбердінов («Ертіс»).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика