Вернуться к списку статей

УЕФА кубогы – “Қайрат” “Төртеу финалына” шықты

Футбол
2K
Футзалдан Алатау бөктерінде өткен УЕФА кубогының жартылай финалдық додасында Алматының «Қайраты» жеңімпаз атанып, «Төртеу финалы» додасына шықты.

Бүгін «Қайрат» Латвияның «Никарс» клубымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын басталысымен, 10-секундта есеп ашып, алға шықты. Бірінші таймның ортасына дейін тағы үш гол соқты.

Екінші таймда Қазақстан чемпионы қарқынын бәсеңдетіп, қақпашы Игитаны ойынға көп қосты. «Никарс» тым болмаса, бір гол соғуға тырысып, тайлы-таяғымен шабуылға көшті.

Қақпашысын бесінші ойыншыға алмастырып та әрекет етіп көрді. Ақыры қонақтар бір гол соғып тынды. Ал «Қайрат» болса, үш ойында да жеңіске жетіп, 2017 жылдың сәуір айында өтетін финалдық додаға шықты.

Бүгін «Төртеу финалына» шыққан төрт команда да белгілі болды. Олар – «Қайрат» (Қазақстан), «Интер-Мовистар» (Испания), «Газпром-Югра (Ресей) және "Спортинг" (Португалия).

«Қайрат» (Қазақстан) – «Никарс» (Латвия) – 4:1

Голдар: Игор, 0:10 (1:0), Диваней, 3:29 (2:0). Диваней, 6:28 (3:0), Диваней, 10:33 (4:1), Нето, 34:58-автогол (4:1).

«Қайрат»: Игита, Игор, Алешандре Мораес, Дуглас, Диваней – Сүлейменов, Нұрғожин, Есенаманов, Тайеби, Дрот, Нето, Барон, Упалев, Ронкальо.

«Никарс»: Астраханцев, Пастарс, Архипов-Прокофьев, Колесников, Матюшенко – Алексеев, Дацко, К.Забаровский, Сень, Эвертон, Аванесов, Вандерсон, Д.Забаровский, Шкестерс-Камбалс.

«Реал Риети» (Италия) – «Феникс» (Косово) – 6:0

Голдар: Рицци, 2. Дуйо, 5. Турмена, 16. Джеффе, 22. Дуйо, 27. Дуйо, 33 – Алибегу, 1-пенальтиден. А.Брахими, 29. Топилла, 39.

Қорытынды кесте

УЕФА кубогы. Жартылай финалдық кезең. “А” тобы



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика