Вернуться к списку статей

“Қайрат” ертең УЕФА кубогының финалдық додасына шыға ма?..

Футбол
2K
«Қайрат» (Қазақстан) – «Феникс» (Косово) – 6:0. Фото: afckairat.kz
Футзалдан Алматыда өтіп жатқан УЕФА кубогының жартылай финалдық додасында (элиталық кезеңінде) бүгін – демалыс. Ертең соңғы екі матч өтеді.

Ертең «Қайрат» футзалшыларының үшінші рет жеңіске жетіп, «Төртеу финалына» шығарына ешкім де шүбә келтіре алмайды десек те болады. Себебі, Алматыда додаға түсіп жатқан “А” тобында «Қайрат» пен «Реал Риети» (Италия) командаларының деңгейлері әлдеқайда жоғары да, «Никарс» (Латвия) және «Феникс» (Косово) ұжымдары олармен әлі тайталаса алмайтын халде екен.

Өздеріңіз бідесіздер, «Алматы-Аренада» өтіп жатқан УЕФА кубогы додасының бірінші күні «Қайрат» пен «Реал Риети» кездесіп, шектен тыс шиеленісті өткен матчта Қазақстан чемпионы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал кеше бұл екеуі Латвия және Косово командаларының әуселелерін байқап көріп, қарсыластарын күйрете жеңді. «Реал Риети» жауапсыз жеті гол соқса, «Қайрат» олардан бір доп қана кем соғып, жеңіске жетті.

«Реал Риети» (Италия) – «Никарс» (Латвия) – 7:0

Голдар: Рицци, 4. Корсини, 15. Турмено, 23. Корсини, 26. Педрито, 26. Сауль, 39. Лизиньо, 40.


«Қайрат» (Қазақстан) – «Феникс» (Косово) – 6:0

Голдар: Диваней, 1. Диваней, 14. Дрот, 18. Нұрғожин, 22. Дуглас, 38. Тайеби, 40.

«Қайрат»: Ранкалью, Игор, Алешандре, Дуглас, Диваней – Сүлейменов, Нұрғожин, Есенаманов, Тайеби, Дрот, Упалев, Нето, Барон, Игита.

«Феникс»: Криштиано, Мариньо, Брахими, Анчелот, Гаши – Алибегу, Топилья, Рамадани, Мейчиги, Юсуфи.

Ертең – соңғы күн. «Қайрат» енді «Никарспен» кездеседі. Алматы клубына бұл ойында ұтылмаса болды, тіпті тең түссе де финалдық додаға шығады. Бірақ, жоғарыда жазғанымыздай, жеңіске жежетіндеріне күмән келтіре алмаймыз.

Екі турдан кейін дода кестесі

УЕФА кубогы. Жартылай финалдық кезең. “А” тобы



Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика