Вернуться к списку статей

“Қайрат” УЕФА кубогында “Реал Риети” клубын жеңді

Футбол
1K
«Қайрат» (Қазақстан) – «Реал Риети» (Италия) – 3:2. Фото: afckairat.kz
Алматыда футзалдан УЕФА кубогының жартылай финалдық (элиталық) кезеңдегі додасы басталды. «Қайрат» бірінші ойынын Италия клубымен өткізіп жеңіске жетті.

«Қайрат» пен «Реал Риети» арасындағы ойын өте тартысты өтті. Алматы клубы Италиядан келген қонақтарын бір доп айырмасымен әзер жеңді. Жеңіс голы соңғы минутта дабл пенальтиден соғылды.

Яғни қонақтар алтыншы рет ойын ережесін бұзып, алаң иелері 10 метрлік айып соққысын орындау мүмкіндігіне ие болды. Диваней оны мүлт жіберген жоқ.

Ал осы ойынның алдында "Никарс" және "Феникс" клубтары кездесіп, Латвия футзалшылар жеңіске жеткен болатын. Бірақ Косово командасы намысты қолдан бермей, тайталасып бақты.  

УЕФА кубогы. Жартылай финалдық кезең. 1-тур

«Қайрат» (Қазақстан) – «Реал Риети» (Италия) – 3:2

Голдар: Диваней, 2 (1:0). Джеффе, 15 (1:1). Дуглас, 16 (2:1). Дуглас, 26-автогол (2:2). Диваней, 40-дабл пенальти (3:2).

«Қайрат»: Игита, Игор, Алешандре, Дуглас, Диваней, Сүлейменов, Есенаманов, Нұрғожин, Тайеби, Нето, Дрот, Барон, Упалев, Ронкалью.

«Реал Риети»: Джонс, Халими, Корсини, Рафинья, Романо, Джеффе, Педро Торо, Дуйо, Лизиньо, Миколи, Джапа, Сауль, Турмена, Чезарони

Төрешілер: Марк Биркетт (Англия), Камиль Четин (Түркия).


"Никарс" (Латвия) – "Феникс" (Косово) – 4:3

Голдар: Пастарс, 2 (1:0). Каро, 9 (1:1). Эвертон, 18 (2:1). Сень, 36 (3:1). Каро, 38 (3:2). Астраханцев, 40 (4:2). А.Брахими, 40 (4:3).

«Никарс» (Рига, Латвия): Астраханцев, Шкестерс-Камбалс – Пастарс, Архипов-Прокофьев, Колесников, Матюшенко, Алексеев, Дацко, К.Забаровский, Сень, Эвертон, Аванесов, Вандерсон, Д.Забаровский

«Феникс» (Приштина, Косово): Крис, Ф.Гаши, Юсуфи – Алибегу, Мулай, Мейзини, Шп.Брахими, Топила, Виктор Виейра, А.Брахими, Рамадани, Каро, К.Гаши

Төрешілер: Энчев (Болгария), Мантев (Македония).

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика