Вернуться к списку статей

ФИФА рейтингісінде тағы да жеті саты төмен сырғыдық

Футбол
1K
Қараша айында тағы да жеті саты төмен сырғыдық... Фото: kff.kz
ФИФА бүгін ұлттық құрамалар арасындағы ай сайынғы рейтингін жаңғыртты. Қараша айында ерлер арасындығы Қазақстан құрамасы тағы да жеті саты төмен сырғып, 97-орынға табан тіреді.

Қыркүйекте жоғары өрлегеп, 83-орынға дейін көтерілгенбіз. Қазанда жеті саты төмен сырғып, 90-орынға тұрақтадық. Қараша айында тағы да жеті саты кейін ығысыппыз. Қазіргі тұрақтағанымыз – 97-орын

Қараша айында Қазақстан ұлттық құрамасы бір ғана ойын өткізді. 2018 жылғы әлем чемпионатының електік додасы аясында Дания құрамасымен кездесіп, Копенгагенде 1:4 есебімен оңбай ұтылып қалған...

Бұл айда Армения құрамасы үлкен серпіліс жасады. 38 саты жоғары өрлеп, 87-орынға көтеріліп, біздің құраманың алдын орап кетті. Естеріңізге сала кетейік, армяндар қараша айында Қаратау (Crna Gora) құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Осы ретте айта кетейік, Армения футболшылары – Қазақстан құрамасының 2018 жылғы әлем чемпионатының електік додасы аясындағы келесі қарсыласы. Армяндармен 2017 жылдың 26 наурызы күні Арарат аңғарында додаға түсеміз.

Алғашқы ондық:

1 (1). Аргентина – 1634 ұпай
2 (3). Бразилия – 1544
3 (2). Германия – 1433
4 (6). Чили – 1404
5 (4). Бельгия – 1368
6 (5). Колумбия – 1345
7 (7). Франция – 1305
8 (8). Португалия – 1229
9. (9). Уругвай – 1187
10 (11). Испания – 1166

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

15 (15). Польша – 1089
39 (34). Румыния – 690
46 (50). Дания – 643
63 (56). Қаратау (Crna Gora) – 549
87 (125). Армения – 412
97 (90). Қазақстан – 354

ТМД елдері:

29 (29). Украина – 804
55 (53). Ресей – 592
62 (48). Өзбекстан – 558
74 (77). Беларусь – 470
90 (88). Әзірбайжан – 386
106 (98). Литва – 324
112 (116). Латвия – 304
119 (122). Грузия – 281
122 (119). Эстония – 266
124 (99). Қырғызстан – 265
131 (140). Тәжікстан – 231
143 (131). Түркіменстан – 200
162 (173). Молдова – 138

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика