Вернуться к списку статей

Қазақстан Премьер-лигасында ең көп ойын өткізген кім?

Футбол
1K
Мақсат Байжанов -
Биыл Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 317 футболшы ойнапты. Соның жүзден астамы легионерлер. Ал қазақстандықтардың үлесі қанша? Жалпы биыл ел чемпионатында ең көп ойын өткізген кім? Есептеп көрелікші.

317 футболшының 194-і қазақ футболының түлектері, қалған 113-і легионерлер. Жалпы, легионерлерді ойнатуда «Ақтөбе», «Астана», «Қайрат» және «Жетісу» клубтары алда. Маусым барысында бұл командалардың сапында алаңға 12 легионерден шыққан. Дегенмен, төрт-бес ойын өткізіп, елдеріне тайып тұрғандар да жетерлік. Рас, бірінің жолы болмаса, енді біріне жарақат кесір тигізді. Сондайлардың бірі, «тараздық» Йован Голич. Маусым басында екі ойын өткізіп, жарақат алып қалған сербиялық жартылай қорғаушы сол күйі алаңға шыққан жоқ. Ал «Ақжайыққа» ауысып, көп ұзамай алаңға шықпастан қайта еліне кеткен сербиялық қақпашы Срджан Остойчтың жағдайы тіптен тылсым.

Премьер-лига клубтары мен ойыншылары

Орын

Команда

Қазақстан футболының түлектері

Легионерлер

Барлығы

1

Ақжайық

24

10

34

2

Ақтөбе

21

12

33

3

Тараз

22

10

32

4

Шахтер

18

11

29

5

Астана

17

12

29

6

Жетісу

17

12

29

7

Тобыл

17

10

27

8

Қайрат

15

12

27

9

Атырау

14

8

22

10

Ордабасы

15

11

26

11

Оқжетпес

15

9

24

12

Ертіс

14

10

24

Барлығы

194

113

317*

*Ескерту: Маусым барысында 15 қазақстандық, 4 легионер Премьер-лиганың екі клубының сапында ойнады.

Жалпы, қазақстандық ойыншыларды алаңға шығаруда «Ақжайық» алда. Олар биылғы маусымда 24 қазақстандықты ойнатқан. Ал «Ертіс» пен «Атырау» сапында небәрі 14-ақ өз ойыншымыз ойнаған екен.

Маусым барысында Премьер-лиганың екі клубында да өнер көрсеткен 19 ойыншы бар. Соның сегізі – легионер.

Ең көп ойын өткізген легионер – украиналық Владимир Аржанов, ресейлік Марат Ситдиков, парагвайлық Фредди Коронел және франциялық Абдел Ламанж. Бұлар Премьер-лиганың барлық матчтына қатысыпты.

Ең көп ойын өткізген 10 легионер

Орын

Ойыншы

Команда

Ойын

Гол

Сары/

қызыл

1

Владимир Аржанов (Украина)

Атырау

32

8

4

2

Марат Ситдиков (Ресей)

Ақтөбе

32

-

3

3

Фредди Коронел (Парагвай)

Ақжайық

32

8

-

4

Абдел Ламанж (Франция)

Атырау

32

-

1

5

Джордже Деспотович (Сербия)

Астана

31

8

3

6

Неманья Максимович (Сербия)

Астана

31

3

1

7

Никита Бочаров (Ресей)

Ақтөбе

31

7

3

8

Чиприан Дяк (Румыния)

Тобыл

31

2

1

9

Тарас Данилюк (Қазақстан)*

Тараз

31

1

4

10

Абдула Диакате (Сенегал)

Ордабасы

31

3

7

*Ескерту: Тарас Данилюк Украина футболының түлегі

Дегенмен, қазақ футболының түлектерінің арасында да 32 ойынның барлығында алаңға шыққан төрт ойыншы бар. Олар: шабуылшы Роман Муртазаев, қақпашы Жасур Нарзикулов және жартылай қорғаушылар Мақсат Байжанов пен Илья Калинин.

Ең көп ойын өткізген қазақ футболының түлектері

Орын

Ойыншы

Команда

Ойын

Гол

Сары/

қызыл

1

Роман Муртазаев

Ертіс

32

18

2

2

Мақсат Байжанов

Шахтер

32

3

3

3

Илья Калинин

Жетісу

32

1

2

4

Жасур Нарзикулов

Атырау

32

-39

-

5

Бауыржан Исламхан

Қайрат

31

17

3–1

6

Руслан Валиуллин

Ақжайық

30

2

1

7

Сергей Скорых

Шахтер

30

2

2

8

Дмитрий Мирошниченко

Тобыл

30

-

6

9

Александр Григоренко

Тараз

30

-40

3

10

Жасұлан Молдақараев

Оқжетпес

29

6

5

11

Әлішер Сүлей

Тараз

29

3

1

12–13

Дмитрий Шомко

Астана

29

1

5

12–13

Ілияс Әмірсейітов

Жетісу

29

1

5

14

Эдуард Сергиенко

Ақжайық

29

1

7

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика