Вернуться к списку статей

“Қайраттың” УЕФА кубогында додаға түсетін құрамы

Футбол
1K
Футзалдан Алматының «Қайраты» УЕФА кубогының жартылай финалдық (элиталық) кезеңінде додаға түсетін құрамын жариялады.

УЕФА кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі “А” тобының ойындары Алматыда өтеді. Бұған дейін жазғанымыздай, бұл топта Алматының "Қайратымен" бірге "Никарс" (Латвия), "Реал Риети" (Италия) және "Феникс" (Косово) клубтары бақ сынайды.

«Қайраттың» бас бапкері, Бразилия маманы Какау УЕФА кубогының осы сатысында додаға түсетін ойыншыларының тізімін жариялады:

қақпашылар

№1 Ронкальо

№2 Игита

ойыншылар

№3 Александр Упалёв

№4 Нето

№6 Хоссейн Тайеби

№7 Игор

№8 Дінмұхамбет Сүлейменов

№12 Алешандре

№13 Золтан Дрот

№14 Дуглас

№15 Диваней

№16 Дәурен Нұрғожин

№17 Данило Барон

№18 Шыңғыс Есенаманов

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика