Вернуться к списку статей

"Қайрат" – "Астана" кездесуі туралы 10 дерек

Футбол
1K
Бүгін Алматыда Қазақстан кубогының финалы. Бас жүлдені сарапқа салатын «Қайрат» пен «Астана». Осы екеуі осы күнге дейін өзара қанша рет кездесті? Матчтың қандай ерекшеліктері бар деген сұрақтарға жауап беру үшін «Қайрат» – «Астана» текетіресі туралы 10 факті тізіп шыққан едік.

1. Матч бүгін, яғни қарашаның 19-ы күні Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын «Хабар» телеарнасы сағат 14:50-ден бастап ұсынады.

2. Ойын оңтүстік астанамыздың Орталық стадионында өтеді. 1958 жылы салынған стадионның сиымдылығы 23 804 көрермен.

3. Алматыда ауа-райы бағамы ойын уақытында -4 -7 градусты көрсетеді, қар жауып, боран соғады деп күтілуде.

4. «Қайрат» басшылығы стадионға келген көрермендер жаурап қалмау үшін самауыр қайнатып, әрқайсысына шәй бермек. Бірақ ойын барысында шаймен бірге гамбургер әкеліп жатса, таңғалмаңыздар.

5. Букмекерлердің басым бөлігі бірауыздан бұл ойында «Қайрат» жеңеді деп отыр. Көпшілік букмекерлік кеңселер алаң иелерінің жеңісіне 1,98 коэфициентімен бәс қабылдауда. Тең ойын тіркеледі дегенге 3,13 коэфициент. Ал "Астана" ұтады дегенге 4 коэфициент.

6. Кездесуге инспекторды санамағанда алты төреші қызмет етеді. Бас төреші – өскемендік Руслан Дузмамбетов. Оған қос қапталда павлодарлықтар Рустам Сүйінов пен Андрей Попов көмектеседі. Қақпа сыртындағы төрешілер – қостанайлық Анатолий Вишниченко мен тараздық Асхат Абданбеаев. Матч инспекторы қостанайлық Валерий Агеев.

7. Билеттер 12 қарашада сатылымға шықты. Онлайн жүйесі бойынша және стадион маңындағы кассалардан сатып алуға болады. Бағалары 500 бен 5 000 теңгенің арасында.

8. Бүгінде «Астана» сапында ойнап жүрген Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков және Джордже Деспотович бір кездері «Қайраттың" намысын қорғағандар. Ал алматылықтардың құрамында доп теуіп жүрген Исламбек Қуат пен Бауыржан Исламхан кезінде «Астананың» сапында ойнаған. Сондай-ақ, күні кеше ғана оңтүстік астаналықтармен келісімшартқа отырған Елдос Ахметов те «Астананың» құрамында болған.

9. «Астана» мен «Қайрат» осы уақытқа дейін өзара 26 рет кездескен. 11 матч елордалықтардың еншісіне жазылса, 8 кездесу тең аяқталып, 7 ойында алматылықтардың асығы алшысынан тұрған. Гол айырмашылығы 39:11, «Астана» пайдасына. Биыл осы екі команда ертең алтыншы рет кездеспек. Суперкубокты пенальтиден «Қайрат» алды. Одан кейін «Астана» алматылықтарды бір рет жеңіп, қалған үш ойында жеңіліп қалыпты.

10. «Қайрат» екі рет ел чемпионы атанып, тоғыз рет ел кубогының финалына шыққан. Соның жетеуінде кубокты жеңіп алған. Бұл Қазақстан футбол тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Ал «Астана» үш рет ел чемпионы атанып, үш рет Қазақстан кубогының финалына дейін жеткен. Соның екеуінде кубокты жеңіп алған.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика