Вернуться к списку статей

Пенальти 2016 – "Ордабасы" төрешілердің сүйікті командасы ма?

Футбол
1K
Пенальти - 2016.
Биыл Қазақстан Премьер-лигасында 491 гол соғылған. Соның ішінде 41 гол пенальти арқылы келген. Жалпы, осы чемпионатта қай команданың қақпасына неше пенальти белгіленді? Соғылғаны қанша, соғылмағаны неше? Пенальти тебудің үздіктері кімдер? деген сынды сұрақтарға жауап іздеп, биылғы маусымның қорытындысын тағы бір рет шолып шыққан едік.

Ирландиялық Уильям Маккрам ойлап тапқан бұл «өлім жазасын» биылғы маусымда бірінші болып қолданған қарағандылық төреші Артем Кучин екен. Бірінші тур аясында өткен «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчы болатын. Шымкенттіктердің пайдасына 3:1 есебімен аяқталған сол кездесуде Азат Нұрғалиев ойынның 34-ші минутында пенальти арқылы есеп ашқан. Содан бері маусым аяқталғанша барлығы 55 пенальти белгіленген. Дегенмен, 14 пенальти діттеген жеріне жетпеді. 

Бір қызығы, маусымның соңғы пенальтиін де Артем Кучин өз мойнына алған. «Астана-Арена» стадионында өткен «Алтай» мен «Тараз» арасындағы өтпелі ойын болатын. Қарағандылық арбитр қызмет еткен кездесуде екінші голды семейліктер 11-метрлік нүктеден соқты. Жалпы, Кучин пенальти белгілеуден тартынбайтын төрешілердің рейтингін бастап тұр. Биыл 32 турдың 13 кездесуінде қызмет еткен ол соның сегізінде статистерге пенальти сыйлап, 11 рет қолын нүктеге соза жүгірген. Бәрінен де оған Алматының «Қайраты» мен Бауыржан Исламхан риза шығар. Өйткені, «Қайраттың» қатысуымен өткен ойындарда бес рет алматылықтардың пайдасына 11 метрлік айып добын белгілепті. Бірақ олардың да қақпасына екі рет пенальти көрсеткен. Сондайа-ақ, Артем Кучин бір матчта үш пенальти белгілеген екі төрешінің біреуі. Дегенмен, оған қарағанда астаналық Марат Ысқақов бір ойында үш пенальтиді де «Тобылдың» пайдасына көрсетіпті. Бұл Қостанайда өткен «Ертіске» қарсы ойын болатын. 

Премьер-лига – 2016.

Пенальти белгілеген төрешілер

Орын

Төреші

Пенальти

1

Артем Кучин (Қарағанды)

12*

2

Марат Ысқақов (Астана)

9

3

Айдын Рахымбаев (Алматы)

5

4–6

Дения Тевяшов (Орал)

4

4–6

Александр Алиев (Алматы)

4

4–6

Руслан Дузмамбетов (Өскемен)

4

7–9

Игорь Чесноков (Өскемен)

3

7–9

Бағдат Абдуллаев (Қаратау)

3

7–9

Асхат Абданбаев (Тараз)

3

10–12

Виктор Антонов (Павлодар)

2

10–12

Игорь Алешин (Павлодар)

2

10–12

Александр Гаузер (Петропавл)

2

13–17

Болат Қарлыбаев (Орал)

1

13–17

Фурхат Атажанов (Шымкент)

1

13–17

Анатолий Вишниченко (Қостанай)

1

13–17

Сергей Гороховодацкий (Алматы)

1

13–17

Георгий Чеховский (Астана)

1

*Ескерту: Артем Кучин бір пенальтиді өтпелі ойында белгілеген

Жалпы биылғы маусымда пенальти белгілеген 17 төреші бар. Рейтингін бастап тұрған Артем Кучин екенін жаздық. Одан кейінгі орында тоғыз пенальтимен Марат Ысқақов тұр. Үздік үштікте бес пенальтимен алматылық Айдын Рахымбаев.

Айтпақшы, Ысқақов немесе Кучин десе «Ертіс» жанкүйерлерінің төбе шаштары тік тұратын шығар. Өйткені, биыл астаналық төрт рет, қарағандылық арбитр үш рет павлодарлықтарды «ренжітіпті».

Статистиканы одан әрі түзе берер болсақ, 32 турдың алтауында-ақ төрешілер пенальтидің көмегіне жүгінбепті. Нақты айтсақ, 2, 4, 7, 14, 18 және 31-турларда бірде-бір пенальти көрмедік.

Уильям Маккрам ойлап тапқан жазадан ең қатты зардап шеккен команда – «Ертіс». Биыл павлодарлықтардың қақпасына тоғыз рет 11-метрлік айып соққысы орындалған. Соның сегізі діттеген жеріне дөп жеткен. Сондай-ақ, «Тараздың» да «жылайтындай» жөні бар. Олардың қақпасына жеті рет пенальти белгіленіп, соның алтауында қарсылас ойыншылары дәл орындаған.

Премьер-лига – 2016.

Қақпаларына пенальти белгіленген командалар

Орын

Төреші

Пенальти

1

Ертіс

9 (1)*

2

Тараз

7 (1)

3

Жетісу

6 (2)

4

Ақтөбе

6 (1)

5

Атырау

5 (3)

6

Оқжетпес

4 (3)

7-8

Ақжайық

4 (1)

7-8

Қайрат

4 (1)

9

Шахтер

4

10

Тобыл

3 (1)

11

Ордабасы

3

12

Астана

1 (1)

*Ескерту: () жақшаның ішінде голға айналмаған пенальтилер көрсетілген

Ал «Ордабасы» футболшыларының биыл төрешілерге алғыстан басқа айтарлары жоқ. Он рет 11-метрлік айып соққысының көмегіне жүгініп, соның тоғызын қақпаға дәл енгізген. Сонымен қатар, «Қайраттың» да футболшыларын қарсыластар айып алаңда көбірек құлатқан екен. Соның арқасында алматылықтар тоғыз рет пенальти теуіп, алтауын дәл орындады.

Орындалмаған 14 пенальтиге келер болсақ, соның 11-ін қақпашылар қайтарған. Бұл тұрғыда «Оқжетпес» пен «Атырау» қақпашылары Саша Стаменкович пен Жасур Нарзикуловты ерекше атап өтуіміз керек. Стаменкович төрт пенальтидің үшеуін қайтарса, Жасур алты «11-метрліктің» үшеуінде үздік болған.

Премьер-лига – 2016.

Пенальти тепкен командалар

Орын

Төреші

Пенальти

1

Ордабасы

10 (1)*

2

Қайрат

9 (3)

3–4

Ертіс

6 (1)

3–4

Тобыл

6 (1)

5

Оқжетпес

5 (1)

6

Ақтөбе

4

7

Ақжайық

4 (1)

8

Тараз

3 (1)

9

Шахтер

3 (3)

10

Астана

3 (2)

11–12

Жетісу

1

11–12

Атырау

1

*Ескерту: () жақшаның ішінде голға айналмаған пенальтилер көрсетілген

Ал пенальти тепкен 23 футболшы бар. Рейтингтің басында Бауыржан Исламхан тұр. «Қайрат» плеймейкері биыл өзінің 16 голының тең жартысына пенальти арқылы қол жеткізген. Сонымен қатар, «ордабасылық» Александр Гейнрих пен «тобылдық» Томаш Шимкович те 11-метрлікті жиі жағалады. Бір қызығы, «Шахтер» биыл өздерінде болған үш пенальтиді де голға айналдыра алмаған.

Премьер-лига – 2016.

Пенальти тепкен футболшылар

Орын

Футболшы

Пенальти

1

Бауыржан Исламхан (Қайрат)

8 (2)*

2

Томаш Шимкович (Тобыл)

6 (1)

3

Александр Гейнрих (Ордабасы)

6 (2)

4–6

Азат Нұрғалиев (Ордабасы/Астана)

4

4–6

Самат Смақов (Ақтөбе)

4

4–6

Гогита Гогуа (Ертіс/Ордабасы)

4

7

Фредди Коронель (Ақжайық)

4 (1)

8–9

Малик Мане (Тараз)

3 (1)

8–9

Роман Муртазаев (Ертіс)

3 (1)

10

Жасұлан Молдақараев (Оқжетпес)

2 (1)

11–16

Әлібек Бөлешев (Оқжетпес)

1

11–16

Дидар Жалмұқан (Ақтөбе)

1

11–16

Душан Савич (Жетісу)

1

11–16

Мирослав Лечич (Ақжайық)

1

11–16

Марат Хайруллин (Оқжетпес)

1

11–16

Вячеслав Шарпар (Атырау)

1

17–21

Андрей Финонченко (Шахтер)

1 (1)

17–21

Зехран Зенели (Шахтер)

1 (1)

17–21

Рохер Каньяс (Астана)

1 (1)

17–21

Сергей Скорых (Шахтер)

1 (1)

17–23

Гаэль Тавамба (Қайрат)

1 (1)

17–23

Жерар Гоу (Қайрат)

1 (1)

17–23

Джордже Деспотович (Астана)

1 (1)

*Ескерту: () жақшаның ішінде голға айналмаған пенальтилер көрсетілген

Премьер-лига пенальтилеріне байланысты статистика осындай. Алда Бірінші лиганың да 11-метрлік айып соққыларын есептеп шығатын боламыз.


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика