Вернуться к списку статей

Көш соңында қалғандардың үздігі – Қазақстан құрамасы

Футбол
2K
Қазақстан құрамасы Копенгагенде ойсырай ұтылды. Фото: dbu.dk
Еуропада 2018 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің биылғы ойындары аяқталды. Келесі, бесінші турдың ойындары 2017 жылғы 24-26 наурыз күндері өтеді.

Әзірше үш құрама ғана (Швейцария, Германия және Бельгия) биылғы жылғы іріктеу ойындарында жеңілістің кермек дәмін татып көрген жоқ. Өз топтарында 100 пайыздық көрсеткішпен көш бастап келеді.

Екі құрама (Германия мен Англия) әлі өз қақпаларына бірде-бір гол жіберген жоқ. Төрт ойында ең көп гол соққан – Бельгия құрамасы (21 доп). Сонда әр ойында 5,25 голдан енгізіп отырған!

Төрт ойында бірде-бір гол соқпаған команда жоқ, әйтеуір. Ең осал құрамалардың өздері кем дегенде бір доп соққан. Ал ең көп гол жіберіп алғандар – Сан-Марино мен Гибралтар (17 доптан).

Қазақстан құрамасы ең соңғы орындағы құрамалардың ішіндегі – «үздігі». Біздің құраманың еншісінде – екі ұпай. Басқа топтағылардың аутсайдерлерінде – әрі кетсе бір ұпай....

Енді УЕФА-ның електік додасындағы 4-турдың ойындары нәтижесі мен  барлық топтағы турнир кестесіне көз жүгіртіп шығыңыздар:   

«A» тобы

Франция – Швеция – 2:1

Люксембург – Нидерланды – 1:3

Болгария – Беларусь – 1:0



«B» тобы

Португалия – Латвия – 4:1

Венгрия – Андорра – 4:0

Швейцария – Фарер аралдары – 2:0


«C» тобы

Сан-Марино – Германия – 0:8

Чехия – Норвегия – 2:1

Солтүстік Ирландия – Әзірбайжан – 4:0


«D» тобы

Грузия – Молдова – 1:1

Уэльс – Сербия – 1:1

Австрия – Ирландия – 0:1


«E» тобы

Дания – Қазақстан – 4:1

Армения – Қаратау (Crna Gora) – 3:2

Румыния – Польша – 0:3


«F» тобы

Англия – Шотландия – 3:0

Словакия – Литва – 4:0

Мальта – Словения – 0:1



«G» тобы

Испания – Македония – 4:0

Лихтенштейн – Италия – 0:4

Албания – Израиль – 0:3


«H» тобы

Бельгия – Эстония – 8:1

Кипр – Гибралтар – 3:1

Грекия – Босния және Герцеговина – 1:1


«I» тобы

Украина – Финляндия – 1:0

Түркия – Косово – 2:0

Хорватия – Исландия – 2:0




Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика