Вернуться к списку статей

Футзалдан Қазақстан чемпионатында бес команда додаға түседі

Футбол
2K
Ертең ел біріншілігі басталады. Фото: afrk.kz
Ертең футзалдан ХІХ Қазақстан чемпионаты басталады. Биыл ел біріншілігінде бес команда додаға түсетін болды.

Ертең және сенбі күні Қазақстан чемпионатының бірінші және екінші турлары өтеді. Бүгін ел біріншілігінің ойындар күнтізбесі жарияланды. 20 турдан тұратын ХІХ ҚР чемпионаты 14 наурыз күні тәмамдалады екен.

Биылғы ел чемионатына бес команда қатысатын болыпты. Олар – «Қайрат» (Алматы), «Аят» (Рудный), «Жетісу» (Талдықорған), «Ақтөбе» (Ақтөбе) және №7 ОРБЖСМ (Шымкент).

Осы ретте айта кетейік, жақында ХХІІ Қазақстан кубогы додасы өткен болатын. Онда тоғыз команда бақ сынап, төртеуі жартылай финалға шыққан-ды («Қайрат» – «Аят», «Жетісу» – «Ақтөбе»). Бірақ олардың бәрі ел чемпионатына қатыса алмайды... 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика