Вернуться к списку статей

2016 жылғы Қазақстан Бірінші лигасының ресми қорытындысы

Футбол
1K
2016 жылғы Бірінші лиганың статистикалық мәліметі
Кеше футболдан Қазақстанның Бірінші лигасы ресми түрде мәресіне жетіп, жеңімпаздар медальдарын алып үлгерді. Назарларыңызға Бірінші лига командалырының статистикалық мәліметтерін ұсынамыз.

Сәуірдің 10-ы күні басталған Бірінші лига 30 қазанда көмбесіне жетті. Барлығы 10 команда қатысқан. Бірінші кезеңнен кейін командалар екі топқа бөлініп, үздік алтылық Премьер-лига жолдамасына таласса, қалған төртеуі Екінші лигаға түскен команданы анықтады.

Биылғы Бірінші лиганың жеңімпазы – «Қайсар». Олар бар болғаны бір-ақ кездесуде жеңілген. Семейде «Алтайдың» алдында тізе бүккен болатын. Бір команданы төрт кездесуде де ұтқан бір-ақ команда бар. Ол – «Қызыл-Жар». Биыл петропавлдықтар «Екібастұздан» төрт ойында да үш ұпайдан алған.

Биыл төрешілер барлығы 34 рет пенальти белгілеген. Дегенмен, «Алтай» екі рет және «Қайсар» бір рет пенальти тебуде қателескен.

Ресми қорытынды деректер:

Бірінші лиганың 2016 жылғы жеңімпазы – «Қайсар» (Қызылорда)

Бірінші лиганың 2016 жылғы күміс жүлдегері – «Алтай» (ШҚО)

Бірінші лиганың 2016 жылғы қола жүлдегері – «Қызыл-Жар» (Петропавл)

2017 жылғы Премьер-лига жолдамасын жеңіп алған команда – «Қайсар»

2017 жылғы Премьер-лиганың екінші жолдамасын сарапқа салатын командалар – «Тараз» бен «Алтай»

Екінші лига қорытындысы бойынша 2017 жылғы Бірінші лига жолдамасын жеңіп алған команда – «Қайрат-2» (Алматы)

Бірінші лигадан Екінші лигаға түсіп қалған команда – «Бәйтерек» (Астана)

Ең, ең, ең...

Ең көп ұпай жинаған команда – «Қайсар» (67),

Ең аз ұпай жинаған команда – «Бәйтерек» (13),

Ең көп жеңіске жеткен команда – «Қайсар» (20),

Ең аз жеңіске жеткен команда – «Бәйтерек», «Байқоңыр» (4),

Ең аз жеңілген команда – «Қайсар» (1),

Ең көп жеңілген команда – «Бәйтерек» (19),

Ең көп тең түскен команда – «Қызыл-Жар» (9),

Ең аз тең түскен команда – «Қыран», «Бәйтерек» (1),

Ең көп гол соққан команда – «Қайсар», «Алтай» (49),

Ең аз гол соққан команда – «Бәйтерек», «Байқоңыр», «Екібастұз» (17),

Ең аз гол жіберген команда – «Қайсар» (9),

Ең көп гол жіберген команда – «Бәйтерек» (62),

Ең көп пенальти тепкен команда – «Қызыл-Жар» (9)

Ең аз пенальти тепкен команда – «Қыран», «Бәйтерек», «Екібастұз» (1).

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика