Вернуться к списку статей

“Достастық кубогының” “демі бітті”...

Футбол
2K
Ресей енді «Достастық кубогын» өткізбейтін болыпты. Кеше бұл жөнінде көрші елдің басылымдары жарыса жазды. Аталмыш кубок додасы жабылған...

Көрші елдің спорттық басылымдарына сенсек, Ресей футбол одағының бірінші вице-президенті Никита Симонян «Достастық кубогының» енді ұйымдастырылмайтындығын мәлімдеген. Себеп, бұл доданың беделі жыл сайын түсіп барады, оған деген қызығушылық басылған және әу бастағы өзектілігі құрдымға кеткен...

Бұл дода алғаш рет 1993 жылы өткізілген болатын. 2011 жылға дейін бұрынғы КСРО құрамындағы әр елдің чемпиондары қатысты. Бірақ Украина басында қосалқы құрамын жіберіп жүрді. Манежде ойыншыларының жарақат алып қалуы мүмкін екендігінен сақтанды.

2012 жылдан бастап жастар және жасөспірімдер құрамасы арасында өткізіліп келді. Кейіннен ТМД елдерінен де басқа Еуропадағы кейбір бірлі-жарым мемлекеттердің жеткіншектері қатысып жүрді.

Турнир Ресейдікі болған соң, «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса да» дегендей, кейбір матчтарда төрешілердің «қара қылды қақ жарған» әділеттіліктеріне түсінбей қалып та жүрдік. Бірақ біздің ел де басқа мемлекеттер сияқты жыл басында жасөспірімдер құрамасын іс жүзінде бір тексеріп алып жүрді.

Енді Ресей бұл турнирді өткізбейтін болыпты. Енді Гранаткин мемориалына көп көңіл аудармақ көрінеді. Ол да дұрыс шығар. 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтуі керек. Бәріне қаржы керек. Замануи ауызекі тілмен айтқанда, «Достастық кубогы» экономикалық дағдарыс кезінде қысқартуға ұшырады деген дұрыс па екен?!

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика