Вернуться к списку статей

Бауыржан Жолшиев – Қазақстанның келесі чемпионы "Қайсар" болады

Футбол
2K
Бауыржан Жолшиев әлі күнге клубсыз жүр
Бүгінде клубсыз жүрген қазақ футболының «Криштиану Роналдусы» еліміздің келесі чемпионы «Астана» емес, тіпті «Қайрат» та емес, Қызылорданың «Қайсары» болады деп есептейді.

«Инстаграмдағы» ресми парақшасында жанкүйерінің «Қазақстанның келесі чемпионы кім болады? «Қайрат» па, әлде «Астана» ма?» деген сұрағына Бауыржан Жолшиев «Қайсар» деп жауап берген. Әлбетте, бұл сәнқой футболшының кезекті бір әзілі шығар. Сондықтан, оның бұл жауабына жанкүйерлері тек езу тартты.

 

Айта кетейік, шілде айында Жолшиев «инстаграмдағы» парақшасына «ұйықтағандарың жетеді, клуб іздеңдер!» деген жазба қалдырған. Таяуда ол Украинаға ұшып, сол жақтағы белгілі агент Александр Панковпен кездесті. Панковтың қазақ футболшысына қай клубтарды қарастырып жатқаны әзірге белгісіз. Дегенмен, бейресми ақпарат көздеріне сенсек, «Астананың» экс-шабуылшысы жақын уақытта Шығыс Еуропаның бір клубынан орын алуы мүмкін. Ал Панков негізінен даулы футболшы Артем Милевскийдің агенті.

Жалпы, Бауыржан Жолшиев «Астана» сапында еліміздің екі дүркін чемпионы, Қазақстан суперкубогының иегері, «Атырау» сапында 2009 жылы ел кубогын жеңіп алған. 2012 жылы Қазақстанның ең үздік жас футболшысы атанған. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 14 ойын өткізіп, 3 голдың авторы атанған. 26 жастағы шабуылшы Қазақстан чемпионатында «Астана» мен «Атыраудан» бөлек, «Алма-Ата» және «Тобыл» командаларында ойнаған. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика