Элиталық кезеңде (ауызекі тілмен айтқанда, жартылай финалдық додада) 16 таңдаулы клуб төрт топқа тең бөлінді. «Қайрат» “А” тобына түсті. Әрі осы топтың ойындары Алматыда өтеді. Қарсыластары – "Никарс" (Латвия), "Реал Риети" (Италия) және "Феникс" (Косово).
Ашығын айтайық, “жеребе жеңіл түсті” деуге болады. Төрт команданың екеуі – негізгі кезеңдегі додада, өз топтарында екінші орын алған командалар. Тек "Никарс" бұған дейінгі електік сатыда топ жарып, бірінші орынмен шықты.
Мұны тәптіштеп отырға себебіміз, жартылай финалдағы екі топта (C және D квартетерінде), керісінше, ширек финалдық кезеңде өз топтарында бірінші орынға ие болған екі команда бар.
Жалпы, «Қайрат» УЕФА кубогының жартылай финалдық додасында алтыншы рет бақ сынайды. Екі рет (2013 және 2015 жылдары) осы кубокты жеңіп алып, жеңімпазы атанған.
"Феникс" Кососво футзалы тарихында УЕФА кубогына тұңғыш рет қатысып отыр. Бір қызығы, "Реал Риети" клубы да алғаш рет бақ сынау құқығына ие болып, жартылай финалдық додаға шықты.
Сонымен, жартылай финалдық дода (элиталық кезең ойындары) 22-27 қараша күндері өтеді. Енді төрт топтың қалай жіктелгендігіне көңіл аударыңыздар:
«A» тобы (ойындары Алматыда өтеді): "Қайрат" (KAZ), "Никарс" (LVA), "Реал Риети" (ITA), "Феникс" (KOS).
«B» тобы (Загреб): "Югра" (RUS), "Араз" (AZE), "Гамбург Пантерс" (GER), "Национал" (CRO).
«C» тобы (Марибор): "Интер" (ESP), "Экономац" (SRB), "Хрудим" (CZE), "Брезье" (SVN).
«D» тобы (Лиссабон): "Динамо" (RUS), "Спортинг" (POR), "Дьер" (HUN), "Тыргу-Муреш" (ROU).