Вернуться к списку статей

Қожағапанов Қазақстан футбол федерациясынан кетті

Футбол
2K
Ерлан Қожағапанов қызметінен кетті... Фото: kff.kz
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің кезектен тыс мәжілісі өтіп, аталмыш ұйымның президенті қызметі Сейілдә Байшақовқа жүктелді.

Бүгін, яғни 19 қазан күні Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты Астанада ҚФФ Атқару комитетінің басқосуы өтіп, онда ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың ұзақ уақыттық оқуға аттануына байланысты, оның міндеттерін Сейілдә Байшақовқа жүктеу жөнінде шешім қабылдағандарын жариялады.

Басқадай ресми ақпарат таратылған жоқ. ҚФФ президенті қызметіне енді кім және қашан бекітілетіндігі әлі белгісіз...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика