Вернуться к списку статей

Ел чемпионатының соңғы турларындағы ойындар бір уақытта басталады

Футбол
1K
Футболдан Қазақстан чемпионатының регламентіндегі баптарына сәйкес соңғы турлардағы ойындар бір уақытта басталады.

Осыдан бір апта бұрын еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының соңғы турларындағы ойындар бір уақытта басталатындай шешім қабылдаған болатын. Нақтырақ атап өтер болсақ:

Премьер-лиганың ХХХІ және ХХХІІ турлары, басталу уақыты – 15:00.

Бірінші лиганың ХХVІІ және ХХVІІ турлары, басталу уақыты – 15:00.

Екінші лиганың ХХVІ туры, басталу уақыты – 15:00.

Енді осы турлардың қай күндері өтетіндігіне де тоқталып өтейік:

Премьер-лига, ХХХІ тур – 22-23 қазан (сенбі-жексенбі), ХХХІІ тур – 29 қазан (сенбі).

Бірінші лига, ХХVІІ тур – 22 қазан (сенбі), ХХVІІ тур – 30 қазан (жексенбі).

Екінші лига, ХХVІ туры – 24 қазан (дүйсенбі).

Қазақстан премьер-лигасының соңғы екі туры:

ХХХІ тур.

22 қазан, сенбі

«Тараз» – «Тобыл»

«Ақжайық» – «Атырау»

«Шахтер» – «Жетісу»   

23 қазан, жексенбі

«Оқжетпес» – «Ордабасы»

«Ертіс» – «Қайрат»

«Астана» – «Ақтөбе»

ХХХІІ тур. 

29 қазан, сенбі

«Ордабасы» – «Ақтөбе»

 «Ертіс» – «Астана»

«Қайрат» – «Оқжетпес»

«Тараз» – «Шахтер»

«Жетісу» – «Ақжайық»

«Атырау» – «Тобыл»

Орайы келгенде ескерте кетейік, соңғы екі турдың ортасында, яғни 26 қазан (сәрсенбі) күні ХХV турдағы кейінге шегерілген «Оқжетпес» пен «Астана» арасындағы матч өтеді.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика