Вернуться к списку статей

Көшбасшылар Қазақстан құрамасынан ұзап барады

Футбол
2K
Румыниямен тең түсіп, екі ұпай жоғалттық. Фото: kff.kz
2018 жылғы әлем чемпионатының Еуропадағы іріктеу турнирінде үшінші турдың ойындары тәмамдалды. Бұл жолы «E» тобындағы үш матчта төрт гол ғана соғылды.

Бұл турда «E» тобындағы ойындар мейілінше тартысты өтті. Үш кездесудің біреуінде алаң иелері басым түсіп, екіншісінде қонақтар жеңіске жетті. Ал Астанадағы ойын тең аяқталды.

Осыдан үш күн бұрын Қазақстан ұлттық құрамасын ойсырата жеңген Қаратау футболшылары түзде Данияны да тізе бүктірді. Әрі «E» тобындағы көшбасшылық мәртебесін сақтап қалды.

Польша құрамасы Варшавада Армения футболшыларын әзер ұтты. Екінші таймның басында Мкоян өз қақпасына гол соғып алды. Іле-шала Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс Маркос Пиззелли таразы басын теңестірді.

Алайда ойынның негізгі уақытына қосылған 5-минутта Роберт Левандовски өз құрамасын алға шығарып, жанкүйерлерін қуантты. Ол осымен үшінші ойында қатарынан гол соғып отыр.

Астанада Қазақстан және Румыния құрамалары арасындағы матчта есеп ашылған жоқ. Сарыарқа төсінен үш ұпай олжалауды көздеген румындар үшінші орынға ығысты. Ал Қазақстан құрамасы қоржынына екінші рет бір ұпай салды.

Дания – Қаратау (Crna Gora) – 0:1

Гол: Бечирай, 32.

Польша – Армения – 2:1

Голдар: Мкоян, 48-өз қақпасына (1:0). Пиззелли, 50 (1:1). Левандовски, 90+5.

Қазақстан – Румыния – 0:0

Екі турдан кейінгі “E” тобындағы жағдай:


Келесі ойындар. 11 қараша. 2016 жыл

Дания – Қазақстан

Армения – Қаратау

Румыния – Польша

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика