Вернуться к списку статей

Қазақстан-U19 құрамасы үшінші ойында 0:6 есебімен ұтылды

Футбол
1K
Қазақстан-U19 құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу турнирінде үш рет ұтылды. Фото: belgianfootball.be
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында үшінші ойынын өткізіп, бұл жолы 0:6 есебімен ұтылды.

2017 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу сатысында 1-топқа түсіп, Бельгияда бақ сынап жатқан Қазақстан-U19 құрамасы соңғы ойынын Финляндия бозбалаларымен өткізді. Өкінішке қарай, бұл ойында да ойсырай ұтылып қалды. Есеп – 0:6.

Сөйтіп, Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын 19 жасқа дейінгі құрамамыз 2017 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы електік сатысында жеңілістен көз ашқан жоқ. Әрі үш ойында да оңбай ұтылып, өздері бірде-бір гол соға алмады.

Қазақстан-U19 құрамасы 1-електік топта Бельгия бозбалаларынан 0:5 есебімен ұтылып, Ресей футболшыларынан да тура осындай есеппен жеңіліп қалған болатын. Енді Финляндияның жас таланттарына да төтеп бере алмады. Сонда үш матчта 0:16 есебімен есе жіберіп алды.

Финляндия U-19  Қазақстан U-19 – 6:0

Голы: Юлятупа, 16. Сойсало, 25. Юлятупа, 44. Сергей Еременко, 45+2. Лаппалайнен, 46. Сергей Еременко, 65.

Финляндия U-19: Кето, Мяенпяя, Хальме, Пиккарайнен, Варманен, Кайринен (Еременко, 39), Сойсало (Аланко, 59), Мяенпяя, Мохамед, Лаппалайнен, Юлятупа (Атакайи, 90+2).

Қазақстан U-19: Подымский, Айтөре, Алексеев, Қасым, Оразов (Шушеначев, 46), Орынбасар, Артюшенко, Наджарян, Уханов (Төлеев, 71), Зайнутдинов, Бақтияров.

Бас төреші: Торвальдюр Арнасон (Исландия)

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 11 – 5

Тура соққы: 8 – 1

Қиыс кеткені: 2 – 2

Тойтарылғаны: 1 – 2

Қақпа бағанасы: 1 – 0

Офсайдтар: 4 – 0

Бұрыштама соққылар: 1 – 2

Ескерту (сары қағаз): 1 – 3

Ереже бұзу: 11 – 10

2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. 1-топ

Қазақстан – Бельгия – 0:5

Финляндия – Ресей – 1:1

*  *  *

Қазақстан – Ресей – 0:5

Финляндия – Бельгия – 2:2

*  *  *

Қазақстан – Финляндия – 0:6

Бельгия – Ресей – 2:2



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика