Вернуться к списку статей

Келесі қарсыласымыз Арарат аңғарында 5:0 есебімен жеңіске жетті

Футбол
1K
Румыния құрамасы Ереванда жеңіске жетті. Фото: frf.ro
Кеше түнде Қазақстан ұлттық құрамасымен бір топта ойнайтын құрамалардың бәрі де екінші ойындарын өткізді. Бір қызығы, «Е» тобындағы әр ойында бес голдан соғылды.

Араратта румындардың айдарынан жел есті  

2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы келесі қарсыласымыз, яғни Румыния құрамасы түзде ірі есеппен жеңіске жетті. Арарат аңғарында алаң иелерінен 5:0 есебімен басым түсті.

Иә, Маркос Пиззелли бастаған (команда капитаны) Армения құрамасы да біздің жігіттер сияқты 0:5 есебімен оңбай ұтылды. Бірақ олар бір жарым сағаттай 10 ойыншымен ойнады. 3-минутта Г.Малакян өздерінің аып алаңында қолмен ойнап, алаңнан қуылды.

Ал Румыния шабуылшысы пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Есеп ашылды. Содан басталды. Қонақтар бір ойыншысы кем Армения құрамасының қақпасына үзіліске дейін тағы үш доп енгізді.

Бірақ екінші таймда қарқындарын сәл бәсеңдеткендей болды. Әйтсе де, Қаратау футболшыларынан қалысқылары келмеді ме, ойынның екінші жартысында тағы бір гол соқты. Бұл матчта да есеп – 5:0.  

Армения – Румыния – 0:5

Голдар: Станку, 4-пенальтиден. Попа, 10. Марин, 12, Станчу, 29, Кипчу, 60.


Жеңіп жатып, екі гол жіберу – Польшаның әдеті

Польша және Дания құрамалары арасындағы ойын кеш аяқталды. Әрі өте тартысты болды. Қыркүйектің басында қазақ даласына келіп, жеңіп жатып, екі ұпайдан айырылып қалған поляктар бұл ойында қамшыны басты.

Шу дегеннен, тағы да алға шықты. Бірінші таймда тура Астанадағыдай екі гол соқты. Әрі екіншісі тағы да пенальтиден. Бұл жолы да 11-метрлік айып добын Роберт Левандовски мүлтіксіз орындады. Айтпақшы, осы ойындағы бірінші голды да сол соққан болатын...

Абырой болғанда, екінші тайм басталған бетте Левандовски тағы бір доп енгізді. Сол дұрыс болыпты. Әйтпесе, Астанадағыдай тағы да екі ұпайдан қағылар еді. Көп ұзамай қонақтар екі гол соғып, есепті мейілінше қысқартты.

Польша – Дания – 3:2

Голдар: Левандовски, 20 (1:0). Левандовски, 36-пенальтиден (2:0). Левандовски, 48 (3:0). Глик, 49-өз қақпасына (3:1). Ю.Поульсен, 69.


Екі турдан кейінгі “E” тобындағы жағдай:



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика