Вернуться к списку статей

Қазақстан-U19 құрамасы тағы да 0:5 есебімен ұтылды

Футбол
1K
Қазақстан-U19 құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екінші рет 0:5 есебімен ұтылды
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екінші рет 0:5 есебімен ұтылды. Бұл жолы Ресей футболшыларына есе жіберді.

Қазақстан-U19 құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойындарын Бельгияда өткізіп жатқанын бұған дейін жазғанбыз. 1-електік топқа түскен бозбалаларымыз бірінші турда алаң иелерінен, яғни Бельгия таланттарынан 0:5 есебімен ойсырай ұтылып қалған.

Бүгін түнде екінші ойындарын өткізіп, Ресей-U19 құрамасынан да тура осындай есеппен жеңілді. Бірінші таймда үш гол жіберіп алып, екінші таймның соңғы минуттарында тағы да екі рет сан соғып қалды...

Енді Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын 19 жасқа дейінгі құрамамыз Финляндия бозбалаларымен кездеседі. Бұл ойын 11 қазан күні өтеді.

Қазақстан U-19 – Ресей U-19 – 0:5

Голдар: Лысов, 14. Галанин, 21. Чалов, 44. Прудников, 88. Ломовицкий, 90+2.

Қазақстан U-19: Шайзада, Айтөре, Тұрсынбай, Алексеев (Мұзапаров, 68), Оразов, Орынбасар, Наджарян, Бақтияров, Жагоров (Артюшенко, 46), Зайнутдинов (Төлеев, 76), Әділ.

Ресей U-19: Максименко, Лапшов, Рассказов, Обляков (Татаев, 78), Лелюхин, Галанин, Лысов, Ломовицкий, Махатадзе (Хосонов, 50), Кучаев (Прудников, 59), Чалов.

Бас төреші: Торвальдюр Арнасон (Исландия)

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 7 – 29

Тура соққы: 3 – 14

Қиыс кеткені: 1 – 6

Тойтарылғаны: 3 – 9

Офсайдтар: 4 – 3

Бұрыштама соққылар: 4 – 10

Ескерту (сары қағаз): 0 – 2

Ереже бұзу: 11 – 10

2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. 1-топ

Қазақстан – Бельгия – 0:5

Финляндия – Ресей – 1:1

*  *  *

Қазақстан – Ресей – 0:5

Финляндия – Бельгия – 2:2

Екі турдан кейінгі жағдай:

1-2. Бельгия – 4 ұпай

1-2. Ресей – 4

3. Финляндия – 2

4. Қазақстан – 0

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика