Вернуться к списку статей

Қазақстан-U19 құрамасы Бельгия бозбалаларынан оңбай ұтылды

Футбол
1K
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде. Фото: kff.kz
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алғашқы матчын өткізіп, Бельгия бозбалаларынан 0:5 есебімен күйрей ұтылды.

Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын Қазақстан-U19 құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 1-електік топқа түскен болатын. Қарсыластары – Бельгия, Ресей және Финляндия бозбалалары. Бұл топтың ойындары бұған дейін жазғанымыздай, Бельгияда өтіп жатыр.

Кеше түнде Қазақстан-U19 құрамасы алғашқы ойынын өткізіп, Массмехелен қаласында Бельгия жасөспірімдерінен 0:5 есебімен ойсрай ұтылып қалды. Бұл ойында біздің футболшылар тіпті пенальти де соға алмады. Екі доп айырмасымен ұтылып жатқанда, есепті қысқартуға берілген тамаша мүмкіндікті осылай мүлт жіберді.

Ал екінші таймның басында біреуі тіпті алаңнан қуылып, жағдайды мүлде тығырықа тіреді. Онсыз да басымдық танытып жатқан Бельгия құрамасы тағы екі гол соғып, ірі есеппен жеңіске жетті. Ал Қазақстан-U19 құрамасы Бельгия бозбалаларының қақпасын бір-ақ рет нысанаға алды.

Ал осы топтағы екінші матчта Финляндия және Ресей U19 құрамалары 1:1 есебімен тең түсті. Ертең Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын бозбалаларымыз Ресей жасөспірімдерімен кездеседі.

Қазақстан U-19 – Бельгия U-19 – 0:5

Голдар: Веррет, 4. Ванкамп, 8. Веррет, 14. Ванзейр, 55, Данеелс, 77.

18-минутта Жагоров (Қазақстан) пенальти соға алмады.

54-минутта Шушеначев (Қазақстан) алаңнан қуылды (екінші ескерту)

Қазақстан U-19: Подымский, Касым (Артюшенко, 87), Тұрсынбай, Алексеев, Оразов, Орынбасар, Шушеначев, Наджарян, Бақтияров, Жагоров, Зайнутдинов (Әділ 69).

Бельгия U-19: Свилар, Фас, Туба, Делорж, Лемуан, Зигерс (Мангаля, 46), Веррет (Вербург 64), Риго, Ванзейр, Ванкамп (Данеелс, 46), Верлинден
Бас төреші: Энеа Йорги (Албания)

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 7 – 19

Тура соққы: 1 – 8

Қиыс кеткені: 5 – 11

Тойтарылғаны: 1 – 0

Қақпа маңдайшасы: 1 – 0

Офсайдтар: 0 – 2

Бұрыштама соққылар: 2 – 4

Ескерту (сары қағаз): 4 – 0

Алаңнан аластатылғандар: 1 – 0

Ереже бұзу: 16 – 1

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика