Вернуться к списку статей

Вахид Масудов – Футболдың отанымен додаға түсеміз

Футбол
1K
Вахид Масудов Қазақстан U-21 және Англия U-21 құрамалары арасындағы матч қарсаңында. Фото: kff.kz
Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында Англияның жас талантарымен кездеседі. Бұл ойын бүгін түнде (21:00-де) Ақтөбеде өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты еліміздің жастар арасындағы құрамасының кеше кешке Ақтөбе қаласының Орталық стадионында матч қарсаңындағы жаттығуын өткізгенін мәлімдеді.

Әрі қалыптасқан дәстүр бойынша жаттығуға дейін Қазақстан U-21 құрамасының аға жаттықтырушысы Вахид Масудов пен қорғаушы Рафкат Аслан баспасөз мәслихатына қатысып, өз пікірлерін ортаға салған:

Өте қызықты және күрделі матч болады деп ойлаймын. Біз өз тобымыздағы көшбасшы командамен кездесеміз. Англия футболдың отаны екенін бәріңіз де жақсы білесіздер. Бұл ойынның тек өзімізге ғана емес, қарсыласымызға да сындарлы сынақ болуы үшін барлық күш-жігерімізді саламыз. 

Мен Ақтөбе қаласында жұмыс істегенмін. Футболды жақсы көретін – қала. Үнемі стадионға жанкүйерлер көп жиналады. Футболмен өмір сүреді десек те болады. Яғни жергілікті көрермендерден қолдау күтеміз. Жалпы, аймақтарда халықаралық матч өткізу арқылы футболды әрі қарай дамытамыз деп санаймын, – деді өз сөзінде Вахид Масудов.

Ал, Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Рафкат Аслан өзіне қойылған сұраққа қысқа да нұсқа жауап қайырды:

Ел намысын қорғау – мен үшін үлкен абырой. Жанкүйерлердің қолдауына сенім артамыз

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 6 қазан күні 2017 жылғы Қазақстан жастар құрамасы Англиядан келген құрдастарымен кездеседі. Матч жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады. Бұл – 2017 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясындағы ресми матч. Жастарымызға сәттілік тілейміз.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика