Вернуться к списку статей

“Алтын биялай” Игитаға емес Аргентина қақпашысына бұйырды

Футбол
2K
ХІІІ әлем чемпионатының ең үздік қақпашысы – Николас Сармиенто (Аргентина). Фото: fifa.com
Колумбияда футзалдан ХІІІ әлем чемпионаты тәмамдалды. Бүгін финалдық ойын аяқталған соң бүкіләлемдік біріншіліктің ең үздік ойыншылары жарияланды.

ФИФА ХІІІ әлем чемпионатының үздіктерін төрт номинация бойынша анықтап, оларды салтанатты түрде марапаттады. Өкінішке қарай, олардың арасында Қазақстан құрамасының ойыншылары болмады. Егер, біздің футзалшыларымыз жартылай финалға дейін жеткенде, сөз жоқ, онда үздіктер арасында біздің жігіттер де болар еді. Мәселен, үздік қақпашы Игита болар ма еді...

Енді ФИФА тұжырымы бойынша ХІІІ әлем чемпионатының ең үздік футзалшылары тізімімен танысыңыздар:

ФИФА “Алтын добы” (үздік ойыншылар)

1. Фернандо Вильхельм (Аргентина)
2. Эдер Лима (Ресей)
3. Ахмад Исмаилпур (Иран)



ФИФА “Алтын бутсасы”(сұрмергендер)

1. Рикардиньо (Португалия) – 12 гол
2. Эдер Лима (Ресей) – 10 гол
3. Фалькао (Бразилия) – 10 гол

ФИФА “Алтын биялайы”

Николас Сармиенто (Аргентина)

Fair Play жүлдесі

Вьетнам құрамасы

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика