Вернуться к списку статей

Crna Gora – Қаратау Қазақстан және Дания кездесулеріне дайындалатын құрамын жариялады

Футбол
2K
Crna Gora – Қаратау құрамасы. Фото: fscg.me
Қазақстан ұлттық құрамасының келесі қарсыласы, яғни қаратаулықтар 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойындарына дайындалатын құрамын жариялады.

Өздеріңіз білесіздер, Қаратау – Қазақстан ойыны 8 қазан күні Подгорицеде өтеді. Бұдан кейін қаратаулықтар Копенгагенге барып, 11 қазанда Дания құрамасымен кездеседі. Осы елдің ұлттық құрамасының бас бапкері Любиша Тумбакович аталған екі матчқа мына футболшыларын шақыртыпты:

қақпашылар Младен Божович («Зета»), Милан Миятович («Дечич»), Даниэль Петкович («МТК», Венгрия);

қорғаушыларМарко Баша («Лилль», Франция), Стефан Савич («Атлетико», Испания), Филип Стойкович («Мюнхен-1860», Германия), Жарко Томашевич («Остенде», Бельгия), Марко Симич («Хапоэль Тель-Авив», Израиль), Александар Шофранац («Риека», Хорватия), Эльсад Зверотич («Сьон», Швейцария), Ристо Радунович («Будучност»), Неманья Миюшкович («Вардар», Македония);

жартылай қорғаушыларАдам Марушич («Остенде», Бельгия), Неманья Николич («Хапоэль Тель-Авив, Израиль), Никола Вукчевич, Марко Бакич (екеуі де – «Брага», Португалия), Александар Шчекич («Генчлербирлиги», Түркия), Владимир Родич («Карабюкспор», Түркия), Марко Вешович («Риека», Хорватия), Владимир Болевич («АЕК Ларнака», Кипр), Дамир Кояшевич («Вардар», Македония»), Владимир Йовович («Напредак», Сербия), Марко Янкович, Небойша Косович (екеуі де – «Партизан», Сербия);

шабуылшылар Стефан Йоветич («Интер», Италия), Стефан Мугоша («Мюнхен-1860, Германия), Филип Раичевич («Виченца», Италия), Фатос Бечирай («Динамо Мәскеу», Ресей), Лука Джорджевич («Зенит», Ресей), Мирко Вучинич («Аль-Джазира», БАӘ). 

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика