Вернуться к списку статей

Қазақстан-U19 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

Футбол
2K
Қазақстан-U19 құрамасы. Фото: kff.kz
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынын бастады.

Оқу-жаттығу жиыны Талғардағы базада өтіп жатыр. Қазақстан-U19 құрамасы 3 қазанға дейін дайындықтарын пысықтап, Брюссельге аттанады. Ал 6-11 қазан аралығында 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі өтеді. Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын бозбалаларымыздың қарсыластары – Бельгия, Рсей және Финляндия жасөспірімдері.

Қазақстан-U19 құрамасының бапкерлері кеңейтілген тізімге 23 футболшыны енгізіпті. Бірақ олардың 18-і ғана Брюссельге барады. Енді оқу-жаттығу жиынына шақыртылған жас футболшыларымыздың тізімімен танысыңыздар:

қақпашылар  Ислам Нұрбаев, Бекхан Шайзада, Данил Подымский;

қорғаушылар Мәди Айтөре, Әлібек Қасым, Нұрлыбек Қуанышев, Ерасыл Аманжол, Сағадат Тұрсынбай, Саид Мұзапаров, Кирилл Алексеев,  

жартылай қорғаушылар Рамазан Оразов, Рауан Орынбасар, Илья Артюшенко, Геворг Наджарян, Роман Уханов, Артур Шушеначев, Артем Попов;

шабуылшылар Наурызбек Жагоров, Мұхит Жақсылық, Алтынбек Төлеев, Әділ Аслан, Акмаль Бахтияров, Бақтияр Зайнутдинов.

Аға жаттықтырушы Серік Әбдуәлиев,

аға жаттықтырушының көмекшісі – Қайрат Әубәкіров,

қақпашылар жаттықтырушысы – Тимур Оразов.

2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. І-топ.

Ойындар күнтізбесі:

6 қазан

Қазақстан – Бельгия

Ресей – Финляндия

8 қазан

Қазақстан – Ресей

Бельгия – Финляндия

11 қазан

Қазақстан – Финляндия

Бельгия – Ресей

Осы ретте айта кетейік, 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы сатысында төрт құрамадан 13 топ бар. Осы топтарда 1-2 орын алғандар келесі кезеңге шығады. Оларға үшінші орын алған құрамалардың ішіндегі техникалық көрсеткіші ең жоғарысы да қосылады. Екінші електік ойындар көктемде ұйымдастырылып, онда жеті топ түзіледі.  

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика