Биыл «Ақтөбеге» шабуылы жойқын «Қайратқа» төтеп беру оңай болмай жүр. Көктемде, 23 сәуір күні, Алматы клубының ойыны үйлеспей жүргеннің өзінде ірі есеппен жеңіліп қалған (0:3). Айтпақшы, сол ойында Аршавин қазақ додасындағы алғашқы голын соққан...
Содан кейін 19 маусымда «Қайратты» өз алаңында қабылдап, 2:6 есебімен оңбай ұтылды. Ал екінші кезеңнің бірінші айналымында, яғни ХХІV турда 1:3 есебімен тағы жеңілді. Бұл матч 24 тамыз күні Алатау бөктерінде өткен болатын.
Бүгін «Ақтөбе» ірі есеппен ұтылмауға тырысты. Үш ойында қақпасына 12 гол соққан «Қайраттың» қарқынды шабуылына қалай да төтеп беру керек болды. Жоғарыда айтылған үш ойынды ескеретін болсақ, алаң иелері мақсаттарына жеткен сияқты.
Иә, тек бір доп айырмасымен ұтылды. Өздері гол соғуға тырысқандарымен оның сәті түспеді. Әрі «Қайрат» та күш-жігерін “үнемдеуді” ойлағандай. Себебі, келесі турда «Ордабасы» командасымен кездеседі. Дәл осы командағы әлі азуы батпай жүр. Шымкент клубын төртінші рет жеңе алмаса, онда болды... Чемпиондақ атақ пен саф алтыннан онсыз да көмескі үмітін түпкілікті үзеді...
«Ақтөбе» – «Қайрат» – 0:1
Гол: Аршавин, 35.
«Ақтөбе»: Отарбаев, Қайыров, Куаджа, Сорокин, Ситдиков, Цвейба, Давлатов, Крюков (Кәкімов, 63), Шестаков (Бойчук, 81), Бочаров (Николич, 83), Жалмұқан.
«Қайрат»: Покатилов, Қуат, Ампоста, Маркович, Сүйімбаев, Тимощук, Бакаев, Исаэль, Аршавин (Дарабаев, 66), Исламхан (Рудосельский, 84), Тавамба (Гоу, 61).
Премьер-лига додасының ХХVІІІ турдан кейінгі кестесі