Вернуться к списку статей

Қазақстан жастар құрамасының Англия және Норвегияға қарсы құрамы анықталды

Футбол
1K
Қазақстан жастар құрамасы
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Вахид Масудов Англия және Норвегия құрамаларына қарсы ойынға 24 футболшыны шақырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан жастар құрамасы 6 және 11 қазан күндері Ақтөбе қаласында 2017 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Англия және Норвегия құрамаларын қабылдайды.

Құрамада «Ақтөбенің» үш, «Тараз», «Тобыл», «Ақжайық», «Қайрат» командаларының екі-екіден футболшысы бар. Бірақ «Астананың» жастары тізімге ілінбей қалған.

Жалпы, Қазақстан жастар құрамасы «Еуро-2017» іріктеу додасының 9-тобында 6 ойыннан кейін 5 команданың ішінде 4-орында келеді. Соңғы сатыдағы Босния және Герцеговина жастарынан бір ұпайымыз артық. Алты матчта жерлестеріміз босниялықтарды түзде 2:1 есебімен ұтып, өз алаңымызда тең түскенбіз. Еншімізде 4 ұпай. Ал Анлия және Норвегия құрамаларынан бірінші матчтарда жеңіліп қалғанбыз. Ағылшындардан 0:3 есебімен ұтылсақ, «викингтерге» 1:2 есебімен жол бергенбіз. Алғашқылары 14 ұпаймен топ бастап тұр. Норвегия 10 ұпаймен 3-орында. Екінші орын Швейцарияның еншісінде.

Қазақстан жастар құрамасы

Қақпашылар:  Станислав Павлов («Ақтөбе»), Илья Караваев («Алтай»), Дмитрий Колбунцов («Алтай»); 

Қорғаушылар: Берік Шаихов («Жетісу»), Григорий Сартаков («Ертіс»), Қуаныш Қалмұратов («Қайсар»), Карам Сұлтанов («Қызылжар»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Мирас Төлиев («Оқжетпес»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Александр Соколенко («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар:  Иван Антипов («Ақжайық»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»), Алтынбек Сапаров («Атырау»), Ян Вороговский («Қайрат»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Ойбек Балтабаев  («Мақтаарал»), Әділет Әбденәби («Тараз»);

Шабуылшылар: Максим Федин («Атырау»), Әлішер Сүлей («Тараз»), Темірлан Әлмұрзаев («Тобол»), Руслан Валиуллин («Ақжайық»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Темірлан Бегімбай («Шахтер»).

Негізгі құрам ойыншылар жарақат алып қалған жағдайда қосалқы құрамның ойыншылары шақырту алуы мүмкін: Антон Куксин («Оқжетпес»), Саят Жұмағали («Ақтөбе»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Рашид Люхай («Қайрат»), Рамир Хасанов («Жетісу»), Максим Гладченко («Бәйтерек»), Бекжан Әбдірахман (СДЮШОР №7).

Жаттықтырушылар алқасы:

Вахид Масудов – аға жаттықтырушы,

Игорь Свечников – жаттықтырушының көмекшісі,

Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы,

Қайрат Айманов – жаттықтырушы,

Петр Пустовар – дәрігер,

Қайратәлі Күнходжаев – массажшы,

Ербол Мұсабаев – әкімші,

Александр Брейткрейц – менеджер.

Естеріңізге сала кетейік, оқу-жаттығу жиыны 2 қазан күні Ақтөбе қаласында басталады. Қазақстан - Англия матчы 6 қазан күні Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Матч жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Ал, Қазақстан - Норвегия ойыны 11 қазан күні өтеді. Матчтың басталуы - 19:00 (жергілікті уақыт). Осы ойындар арқылы Қазақстан жастар құрамасы «Еуро-2017» іріктеу додасын тәмамдайды.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика