Вернуться к списку статей

Әлем чемпионаты – Қазақстан құрамасы енді Испаниямен кездеседі

Футбол
2K
Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: fifa.com
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ХІІІ әлем чемпионатының 1/8-финалында азулы Испания құрамасымен кездесетін болды.

Бүгін таңертең топтық ойындардың бәрі аяқталып, 1/8-финалында кездесетін құрамалар жұбы анықталды. Қазақстан құрамасы «E» тобында екінші орынға ие болып, ширек финалға шығу құқығын екі дүркін әлем, жеті дүркін Еуропа чемпионымен сарапқа салатын болды. Бұл матч біздің уақытпен 22 қыркүйек күні таңғы сағат 4:30 басталады.

Төмендегі сұлбадан өздеріңіз де, байқаған боларсыздар, біздің құрама плей-офф торының кіл мықтылар жиналған бөлігіне түсті. Мәселен, өз тобымызда бірінші орынға ие болғанда, Аргентина сияқты жеңілдеу қарсыластарға түсер едік. Енді – азуы алты қарыс Испания. Айламызды асырып, оларды жеңіп кетсек, әрі қарай – Ресей мен Бразилия.

Ал Аргентина әуелі Украинамен кездеседі. Одан кейін біздің құрама Еуропа чемпионатында жеңіп кеткен Италиямен жолы түсйісуі мүмкін. Содан кейінгі қарсыласы Португалия болуы ықтимал. Жалпы, Әзірбайжан құрамасының да жолы болды. Кемі ширек финалға шығуы керек. Жүлдеге ілігіп жатса да, таң қалмаймыз...

Топтық кезеңнің қорытынды кестелері:






«E» тобының ойындары:

Қазақстан – Аргентина – 0:1

Коста-Рика – Соломон аралдары – 4:2

*  *  *

Қазақстан – Коста-Рика – 3:1

Аргентина – Соломон аралдары – 7:3

*  *  *

Қазақстан – Соломон аралдары – 10:0

Аргентина – Коста-Рика – 2:2



1/8-финалында кездесетін жұптар:

Ресей – Вьетнам – 20.09.2016
Колумбия – Парагвай – 20.09.2016
Бразилия – Иран – 21.09.2016
Испания – Қазақстан – 21.09.2016
Португалия – Коста-Рика – 21.09.2016
Аргентина – Украина – 22.09.2016
Таиланд – Әзірбайжан – 22.09.2016
Италия – Египет – 22.09.2016

Плей-офф сұлбасы:



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика