Вернуться к списку статей

Бірінші лигада көш басында да, көш соңында да қызылордалықтар

Футбол
2K
Көш басында да, көш соңында да қызылордалықтар
22-турдан кейін Бірінші лиганың көшін бастап тұрған да қызылордалықтар, қорытындылап тұрған да қызылордалықтар. «Қайсар» басты бәсекелесінен сегіз ұпайға ұзап кетсе, кім көрінгеннен жеңіліп жүрген «Байқоңыр» турнир кестесінің тұңғиығына батып барады.

"Қайсар" басты бәсекелестерінен қара үзді

Сұлтан Әбілдаев жаттықтыратын «Қайсар» бұл жолы Екібастұз қаласына қонаққа барған. Алдымен Астанаға ұшақпен ұшып жеткен команда елордадан автобусқа мініп, Екібастұзға тағы бес сағат жүрді. Ұзақ жол футболшыларды шаршатқаны анық. Алаң иелерінің қорғанысын әбден піспектегенімен тек 74-ші минутта ғана қақпадан саңылау таба алды. Жеңіс голын соққан «Қайсардың» «сиқырлы таяқшасы» Олег Хромцов. Дегенмен, айта кетейік, 39-ші минутта бір ойыншысы алаңнан қуылған «Екібастұз» біріншілік фаворитіне қарсы 50 минуттан астам уақыт кем құрамда ойнауға мәжбүр болды.

Осы турдан кейін «Қайсар» турнир кестесінде басты бәсекелесінен 8 ұпайға ұзап кетті. Ал «Алтайдан» 11 ұпайға алда. Яғни, Қазақстан футбол федерациясынан өздеріне тиесілі тоғыз ұпайын тартып алғанымен шығыстықтар «Қайсарға» жете алмайды. Бұл үшін қызылордалықтар «Қызыл-Жар» мен «Алтайға» алғыс айтуы қажет шығар. Петропавлда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталып, командалар бір-бір ұпайға қанағат білдіріп тарқасты.

Ал Жетісайда өткен «Мақтаарал» мен «Каспий» арасындағы кездесуде есеп сол күйі ашылған жоқ.

«Байқоңырды» «кім көрінген» басынып бітті

Қызылорданың «Локомотив» стадионында өткен драмаға толы матчта қонақтар соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті. Биылғы біріншіліктің басты аутсайдерлері кездескен. Қанат Шерімбетов жаттықтыратын «Байқоңыр» елорданың «Бәйтерегін» қабылдады. Бірінші минуттан-ақ шабуылға лап қойған алаң иелері Самат Балымбетов соққан голдың арқасында алға шықты. Көп ұзамай қонақтар есепті теңестіргенімен Дастан Дүйсембаев пенальтиді дәл орындап, «Байқоңырды» тағы алға шығарды. Екінші таймның 60-шы минутында Алмат Тілеуқабылов есепті 3:1-ге жеткізді. Алайда, Қанат Шерімбетов шәкірттері футболды бір сағаттан тұрады деп ойлап қалса керек, ары қарай жүгіруден қалды. Нәтижесінде, «Бәйтерек» ойын соңына дейін үш гол соғып, алаң қожайындарына жазасын берді. Соңғы голды төреші қосқан төрт минуттың соңғысында соққанын да айта кеткеніміз жөн.

Айта кетейік, осы тур аясындағы «Қыран» мен «Шахтер-Болат» арасындағы матч 15 қыркүйек күні өтіп, шымкенттіктер де жеңіс голын төреші қосқан үш минуттың соңғысында соққан болатын.


22-тур ойындары:

1-6-орындар

«Екібастұз» – «Қайсар» (Қызылорда) 0:1 (0:0)

Гол: Хромцов, 74.

Ескертулер: Оразалиев 7, Мырзабаев 14, Айменов 18, Аллаяров 40, Сүлейменов 47, Жұмкенов 63, Жарынбетов 90+1 — Вяткин 19, Керімжанов 25, Нәрзілдаев 69

Қызыл қағаз: Айменов 39 (екінші ескерту)

«Екібастұз»: Айдарғалиев, Жарынбетов, Червов (Қуанышев 75), Сүлейменов, Оразалиев, Айменов, Айбакіров (Саденко 70), Бралин (к), Жұмкенов, Мырзабаев (Джамаришвили 75), Аллаяров (Зейноллин 85)

Резерв: Нарымбаев, Сотник, Омаров, Әнуарбеков, Головешкин

«Қайсар»: Исламқұлов, Кейлер, Кеңесбек (Күнов 61), Вяткин (Қалмұратов 55), Керімжанов, Нәрзілдаев (к) (Нүсіп 84), Марочкин, Граф. Алтынбеков (Сахалбаев 10), Марушко, Хромцов

Резерв: Рушинас, Ілиясов, Жахаев, Молтусинов, Алтаев

Төрешілер: Бобров (Қарағанды), Попов (Астана), Гриценко (Қостанай)
Екібастұз. «Шахтер» стадионы. 2 000 көрермен.

«Қызыл-Жар СК» (Петропавл) – «Алтай» (ШҚО) 2:2 (2:1)

Голдар: Сұлтанов 3 (1:0), Шафф 32 (1:1), Мульдинов 45 (2:1), Шакин 55 (2:2).

Ескертулер: Соколенко 57, Гридин 75 – Жағыппар 16, Карпович 57, Шакин 62, Құлахметов 66

«Қызыл-Жар СК»: Голубничий, Соколенко, Сұлтанов, Перцух (Сапарғалиев 69), Аитов, Алиев (к), Мульдинов (Гунченко 61), Ступич (Гридин 65), Струков, Седельников, Видич

Резерв: Калмыков, Зәкіров, Серғалиев, Байжанов, Бурцев, Волков

«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар (Құлахметов 55), Умашев (Е.Шмидт 73), Тәңірбергенов, Карпович (к) (Коструб 82), Д.Шмидт, Шафф, Шакин, Сәкенов, Нұрғалиев (Халелов 88), Колодин

Резерв: Котляр, Мұқанов, Щеткин

Төрешілер: Ысқақов (Астана), Калачев (Атырау), Навроцкий (Астана)

Петропавл. «Қарасай» стадионы. 4 500 көрермен.

«Мақтаарал» (ОҚО) – «Каспий» (Ақтау) 0:0

Ескертулер: Абутов 35, Балтабаев 61 – Шевченко 49

Қызыл қағаз: Шәлекенов, 57.

«Мақтаарал»: Кувшинов, Балтабаев, Рыбалко, Мәжитов, Абутов, Әліпбеков (Махамбетов 46), Задорожный (Алекперзаде 70), Ибраев (к), Покатилов, Мыңбаев, Зверев

Резерв: Хамытбеков, Әріпов, Ілімов, Аллашүкіров, Иманов, Орынбеков, Тәжмағамбетов
«Каспий»: Овчинников, Жанысбаев (Ешенқұл 75), Елтаев, Қабылан (Нәбиханов 63), Пасеченко, Коне (к), Шевченко (Таңжарықов 55), Қадырбаев, Шәлекенов, Сердюков (Арменов 79), Мусса

Резерв: Аязбаев, Утробин, Яковлев, Қайраллиев

Төрешілер: Жантуғанов (Қызылорда), Якбаров (Семей), Вилимзонов (Өскемен)
Атакент кенті. «Алпамыс Батыр» стадионы. 1 000 көрермен.

7-10-орындар

«Қыран» (Шымкент) – «Шахтер-Болат» (Теміртау) 2:1 (1:1)

Голдар: Бернацкий 36 (0:1), Э.Набиев 38 (1:1), Е.Набиев 90+3 (2:1)

Ескертулер: Ахымбеков 31, Жәнібеков 67, Жақсыбек 71 — Кәрімов 56, Ахмеев 63, Матаев 88

«Қыран»: Қаленов, Жақсыбайұлы, Жақсыбек (Бөрібай 90+2), Жәнібеков, Аметов (к) (Балтабеков 73), Төреханов, Ахымбеков, Нохрин, Э.Набиев (Е.Набиев 69), Азаматов, Сүлейменов (Өмірзақов 90+3)

Резерв: Тоқтарбай, Мырза, Жолдасов, Увалиев, Миллер

«Шахтер-Болат»: Матаев, Кәрімов, Жақыпов, Васильев, Жолшорин, Федоров (Щербаков 46), Наурызбаев, Рақышев, Бернацкий (к), Жүсіпов (Буртовой 87), Ахмеев (Алексеев 80)

Резерв: Ақбұлан, Лунев, Базарнов, Наркескен

Төрешілер: Қарабаев (Астана), Шабалкин (Алматы), Құсайынов (Астана)
Шымкент. Қажымұқан стадионы. 200 көрермен.

«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Бәйтерек» (Астана) 3:4 (2:1)

Голдар: Балымбетов 9 (1:0), Оралбай 11 (1:1), Дүйсембаев, 20-пен (2:1), Тілеуқабылов 60 (3:1), Хуснадинов 63 (3:2), Құлекенов 71 (3:3), Құлекенов 90+4 (3:4)

Ескертулер: Рахметов 78 — Әубакіров 58, Сіләмбеков 90+1

«Байқоңыр»: Таңатқанов, Кемалұлы, Рүстемов, Тілеуқабылов, Рахметов, Балымбетов, Аяжан (Жұмабаев 72), Дастанов, Дүйсембаев (Дүйсенбаев 72), Қарабек (к), Төлегенұлы

Резерв: Тілеуов, Салайдин, Қуанышбеков, Серік, Ысқақов
«Бәйтерек»: Дулатов, Батырбеков (Әубакіров 34), Гладченко (к), Еркен (Құлекенов 46), Мірсәлімбаев (Сайфуллин 90+4), Мұқанов, Оралбай (Сәдіров 88), Сіләмбеков, Тыныбек, Хуснадинов, Пасичник

Резерв: Черных, Әбдеш, Әбдразақов, Мұхаметжанов, Мұханбет
Төрешілер: Омаров (Алматы), Стасенко (Талдықорған), Мыңбаев (Қаратау)
Қызылорда. «Локомотив» стадионы. 300 көрермен. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика