Вернуться к списку статей

Қазақстан ФИФА рейтингісінде 13 саты жоғары өрлеп, 83-орынға орналасты

Футбол
3K
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтінгінде 13 саты жоғары өрлеп, 83-орынға орналасты. Фото: kff.kz
Бүгін ФИФА ұлттық құрамалар арасындағы ай сайынғы рейтингін жаңғыртып, Қазақстан құрамасы 13 саты жоғары өрлеп, 83-орынға орналасты.

Өткен айда түзілген рейтингпен салыстырғанда, Қазақстан құрамасы 13 саты жоғары өрлеген. 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Польша құрамасымен тең түсіп (2:2), осы жетістігінің арқасында ілгері басты. Себебі Польша бұған дейін 18-орында тұрған-ды.

Ал Қырғызстан құрамасымен тең түскен жолдастық кездесуіміз бұған дейін жазғанымыздай, ФИФА рейтінгісі түзілгенде есепке алынбаған. Себебі біздің құрама аталған ойында жеті ойыншысын алмастырған болатын.

Жалпы, 83-орынға көтерілуіміз – үлкен жетістік. Өз кезегінде, рекордты – көрсеткіш. Бұған дейін 98-орыннан (2001 жылы) жоғары көтерілген жоқ болатынбыз. Енді тек жоғарылай берсек деген тілегіміз бар. Осы ретте, алғашқы елулікке енген Өзбекстан құрамасына да көңіл аударғымыз келеді.   

Енді бүгін жарияланған ФИФА рейтінгісіндегі кейбір құрамалардың (көрші елдер мен әлем чемпионатының електік сынындағы қарсыластарымыздың) көрсеткіштері мен орындарына назар аударыңыздар:

1 (1). Аргентина – 1646 ұпай
2 (2). Бельгия – 1369
3 (4). Германия – 1347
4 (3). Колумбия – 1323
4 (9). Бразилия – 1323
6 (5). Чили – 1284
7 (6). Португалия – 1228
8 (7). Франция – 1188
9. (12). Уругвай – 1173
10 (11). Уэльс – 1161
11 (8). Испания – 1141
12 (13). Англия – 1130
13 (10). Италия – 1124
17 (18). Польша – 984
29 (30). Украина – 799
32 (25). Румыния – 773
38 (38). Ресей – 685
46 (44). Дания – 637
49 (55). Өзбекстан – 621
57 (70). Беларусь – 573
83 (96). Қазақстан – 411
95 (110). Латвия – 357
105 (95). Қаратау (Монтенегро) – 326
108 (105). Қырғызстан – 324
112 (102). Армения – 317
116 (119). Түркіменстан – 312
117 (125). Литва – 311
130 (117). Эстония – 274
133 (136). Әзірбайжан – 252
137 (118). Грузия – 240
144 (144). Тәжікстан – 215
161 (165). Молдова – 154



Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика