Вернуться к списку статей

Бірінші лига: “Қайсар” – алда, “Алтайдың” тоғыз ұпайы – ойда

Футбол
2K
Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ХХІ турдың ойындары өтіп, алғашқы алтылықта көшбасшылар жеңіске жетті.

«Қайсар» өз алаңында «Каспий» футболшыларынан басым түсті. Бұл ойын тартысты өтіп, алты гол соғылды. Тоғыз ойыншы ескерту алды.

«Қайсар» көмбе тақаған сайын босаңсуға болмайтынын біледі. Себебі, «Алтай» Халықаралық төрелік сот арқылы тоғыз ұпайын қайтарып алса, қуып жетеді.

«Алтай» да айылын жияр емес. Бұл жолы «Екібастұзды» ұтты. Бірақ үш ұпайға қол жеткізу оңай болған жоқ. Жалқы гол ойынның аяғында соғылды. Оның өзі – автогол. Шабуылшыларына ширамаса болмайды.

«Қызыл-Жар» да қалысар емес. Екінші орыннан әлі де үмітін үзбейді. Көшбасшылармен кездескенде, жанкештілік танытатын «Мақтааралды» ұтты.

Ал 7-10 орындарды сарапқа салып жатқан командалар арасында «Бәйтерек» ерледі. Шымкентте «Қыранды» екі доп айырмасымен жеңіп, соңғы орыннан бір саты жоғары көтерілді.

«Байқоңыр» өз алаңында Теміртау футболшыларымен тең түсіп, төмен ығысты. Енді «Бәйтерекпен» 9-орынға таласады. Бұл төрттіктегі командалар үшін екінші кезеңнің бірінші айналымы аяқталды. Яғни енді үш ойыннан ғана өткізеді.      

«Қайсар» – «Каспий» – 4:2

Голдар: Коне, 12 (0:1). Граф, 44 (1:1). Марушко, 74 (2:1). Мусса, 81 (2:2). Хромцов, 85 (3:2). Марушко, 89 (4:2).

«Қайсар»: Исламқұлов, Нүсіп (Павинич, 35), Кейлер (Жақаев, 80), Кеңесбек, Молтүсінов, Вяткин (Алтаев, 60), Марочкин, Сақалбаев (Алтынбеков, 65), Граф, Марушко, Хромцов

«Каспий»: Овчинников, Жанысбаев, Елтаев (Пасеченко, 82), Таңжарықов, Коне, Шевченко, Шалекенов, Утробин (Нәбиханов, 68), Яковлев, Әрменов (Ешенқұл, 71), Мусса (Сердюков, 82).

«Алтай» – «Екібастұз» – 1:0

Гол: Омаров, 85-өз қақпасына.

«Алтай»: Котляр, Ұмашев, Колодин, Тәңібергенов (Коструб, 67), Кұлахметов (Мұқанов, 77), Карпович, Е.Шмидт (Сәкенов, 28), Д.Шмидт, Димов, Шафф (Жағыппар 55), Шакин.

«Екібастұз»: Айдарғалиев, Жарынбетов, Чифин (Червов, 63), Сүлейменов (Омаров, 82), Оразалиев, Айменов, Бралин, Жұмкенов, Мырзабаев, Аллаяров (Зейноллин, 86), Джамаришвили (Әубәкіров, 69).

«Қызыл-Жар СК» – «Мақтаарал» – 1:0

Гол: Мульдинов, 48.

«Қызыл-Жар СК»: Голубничий, Соколенко, Сұлтанов, Перцух (Байжанов, 67), Аитов, Алиев, Мульдинов (Сапарғалиев, 78), Ступич, Струков, Седельников, Видич.

«Мақтаарал»: Кувшинов, Балтабаев, Рыбалко, Кәмбіл (Ілімов, 56), Абутов, Аллашүкіров, Ибраев, Покатилов, Мыңбаев (Задорожный, 60), Зверев, Алекперзаде (Иманов, 73).

«Байқоңыр» – «Шахтер-Болат» – 0:0

«Байқоңыр»: Таңатқанов, Кемалұлы, Рүстемов, Тілеуқабылов, Рахметов, Балымбетов (Ыбыраев, 68), Аяжан, Дастанов, Дүйсембаев (Досманбет, 76), Қарабек, Төлегенов.

«Шахтер-Болат»: Ақбұлан, Щербаков (Буртовой, 63), Кәрімов, Жақыпов, Васильев, Жолшорин (Алексеев, 82), Наурызбаев, Рақышев, Бернацкий, Жүсіпов (Базарнов, 79), Ахмеев.

«Қыран» – «Бәйтерек» – 0:2

Голдар: Оралбай, 18. Мұқанов, 87.

«Қыран»: Тоқтарбай, Бөрібай, Аймұрзаев (Сүлейменов, 46), Мырза, Жолдасов (Жақсыбайұлы, 46), Уәлиев, Төреханов, Балтабеков, Миллер (Фильчаков, 60), Азаматов, Шәмші (Ақымбеков, 35).

«Бәйтерек»: Дулатов, Батырбеков, Гладченко, Еркен (Күлекенов, 57), Мирсалимбаев (Сайфулин, 84), Мұқанов (Мұханбет, 90+2), Оралбай (Сәдіров, 71), Сламбеков, Тыныбек, Хұснадинов, Пасичник.


* – "Алтай" ФК-ның 9 ұпайы шегерілген

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика