Вернуться к списку статей

Көш соңындағы командалар жеңіске жетті

Футбол
1K
Малик Мане үш гол соқты. Фото: pflk.kz
Қазақстан премьер-лигасының ХХІV турындағы қалған үш ойында екінші алтылықтағы командалар кездесіп, көш соңындағы командалар жеңіске жетті.

«Ақжайық» Оралда «Тобылдан» басым түсті. Лечич айып соққысын орындап, қонақтар құрған тосқауылды да, қақпашыны да тұрған орындарында қимылсыз қалдырды.

«Тараз» да өз алаңында «Жетісудан» бір доп айырмасымен басым түсті. Бірақ Юрий Максимовтің шәкірттеріне жеңіске жету үшін үш гол соғу керек болды. Талдықорғандықтар Малик Маненің хет-тригіне екі доппен ғана “жауап қатты”.

Қарағандыда «Шахтер» де қонақтарының қақпасына үш гол соқты. Бірақ «Атыраудың» есепті қысқатуға да шамасы келмеді. “”

«Ақжайық» – «Тобыл» – 1:0

Гол: Лечич, 51.

«Ақжайық»: Төлебаев, Омаров, Сапанов, Одибе, Әбдірахманов (Розыбакиев, 79), Говедарица, Ортиз, Сергиенко, Валиуллин, Дудченко, Лечич (Шурыгин, 72).

«Тобыл»: Петухов, Мирошниченко, Гурман, Яворский, Главина (Шимкович 82), Жулпа, Деак, Джалилов (Досмагамбетов 57), Жұмасқалиев, Савич, Асильдаров.

«Тараз» – «Жетісу» – 3:2

Голдар: Мане, 2 (1:0). Мане, 16-пенальтиден (2:0). Боровский, 28 (2:1). Жаңғылышбай, 43 (2:2). Мане, 48 (3:2).

90-минутта Вага алаңнан қуылды (екінші ескерту).

«Тараз»: Григоренко, Киров (Д.Евстигнеев, 51), Воротников, Таубай, Данилюк, Григорьев, Эргашев, Яковлев, Пищур (Сүлей, 46), Мане (Баялиев, 83), Тәжімбетов.

«Жетісу»: Пасеченко, Әмірсейітов, Клайн, Вага, Әділханов, Джалович, Сағындықов (Касьянов, 75), Боровский (Нұржұмаев, 65), Калинин, Джерманович, Жаңғылышбай.

«Шахтер» – «Атырау» – 3:0

Голдар: Зошак, 15. Скорых, 38. Тәттібаев, 59.

«Шахтер»: Шацкий, Тарасов, Садовничий, Василевич, Пикалкин, Сзоке (Нұрыбеков, 69), Тәттібаев (Ветров, 80), Байжанов, Скорых, Уббинк, Зошак (Горячий, 55).

«Атырау»: Нарзикулов, Чуреев, Ламанж, Мулдаров, Эсатов, Эссаме, Коробкин (Сапаров, 14) Куртеян (Федин, 82), Шабалин, Аржанов, Макась (Трытко, 81).

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика