Вернуться к списку статей

Ызбарлы Испания, жанкешті Беларусь және “бос белбеу” Португалия

Футбол
2K
Беларусь – Франция – 0:0. Фото: uefa.com
2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде бірінші турдың ойындары түгелдей аяқталды. Тоғыз топтағы барлық командалар бір ойыннан өткізіп шықты.

Әуелі, Қазақстан ұлттық құрамасы бақ сынайтын «E» тобына атүсті тоқталып өтейік. Бұл топта үш ойын өтіп, бір-ақ құрама ғана жеңіскежетті. Қалған екі ойын тең аяқталды.

Қазақстан – Польша – 2:2

Дания – Армения – 1:0

Румыния – Қаратау (Монтенегро) – 1:1

Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, «E» тобында тек Дания футболшылары жеңіске жетті. Олардың еншісінде – үш ұпай. Төрт құрама, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасы да бар, бір ұпаймен 2-5 орындарды бөлісіп тұр. Ал көш соңында – Армения аяқдопшылары.

Басқа топтарда өте қызықты ойындар көп болды. Мәселен, бас бапкері Андрей Шевченко болып бекітілген Украина құрамасы биылғы Еуропа чемпионатында жанкештіліктерімен көпшілікті тәнті еткен Исландия құрамасымен тең түсті.

Ал Беларусь азуын айға білеген Франция құрамасына дес бермей, ұпай бөлісті. Еуропа чемпиондары, яғни Португалия құрамасы болса, түзде Швейцария құрамасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Испания құйындай орап соғып, Лихтенштейн футболшыларын күйрете жеңді. Уэльс те Молдованы ойсырата жеңіп, екі голды Бейл соқты. Өкінішке қарай, қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Владимир Вайсс жаттықтыратын Грузия құрамасы өз алаңында Австрия футболшыларына есе жіберіп алды.

Косово футболшылары алғашқы ресми матчында гол соғып, тіпті бір ұпай олжалап, тарихты тәп-тәуір жетістіктермен бастады. Эстония құрамасы болса, оңбай ұтылып қалды.

Енді УЕФА-ның іріктеу додасы топтарындағы барлық ойындардың нәтижесіне көз жүгіртіп шығыңыздар:    

«A» тобы

Беларусь – Франция – 0:0

Болгария – Люксембург – 4:3

Швеция – Нидерланды – 1:1

«B» тобы

Швейцария – Португалия – 2:0

Фарер аралдары – Венгрия – 0:0

Андорра – Латвия – 0:1

«C» тобы

Норвегия – Германия – 0:3

Сан-Марино – Әзірбайжан – 0:1

Чехия – Солтүстік Ирландия – 0:0

«D» тобы

Уэльс – Молдова – 4:0

Грузия – Австрия – 1:2

Сербия – Ирландия – 2:2

«F» тобы

Словакия – Англия – 0:1

Мальта – Шотландия – 1:5

Литва – Словения – 2:2

«G» тобы

Испания – Лихтенштейн – 8:0

Израиль – Италия – 1:3

Албания – Македония – 2:1

«H» тобы

Кипр – Бельгия – 0:3

Босния және Герцеговина – Эстония – 5:0

Гибралтар – Грекия – 1:4

«I» тобы

Украина – Исландия – 1:1

Хорватия – Түркия – 1:1

Финляндия – Косово – 1:1

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика