Қазақстан ұлттық құрамасы Колумбияға ертерек барып, футзалшыларымызды жерсіндіру мақсатында дайындықтарын әлем чемпионаты өтетін елде пысықтап жатыр. Алдын-ала жоспарлағандай, алғашқы екі ойынын өтетін Букараманга қаласында жолдастық кездесу ұйымдастырды.
Нақтырақ айтқанда, Колумбия жерінде Австарлия құрамасымен кездесті. Негізі, «Жасыл құрлықтың» футзалшылдары да ХІІІ әлем чемпионатына қатысады. Бірақ олар басқа топта бақ сынайды. Жалпы, «олардың деңгейлері Өзбекстан құрамасы шамалас» дейді кейбір мамандар.
Бірақ бұл ойында біздің құрама ірі есеппен жеңіске жетуді мақсат тұтқан жоқ. Бас бапкер тіпті Лео, Эвертон сияқты үздік ойыншыларымызды алаңға шығармаған да. Біріншіден жарақат алып қалмаулары ойластырылса, екіншіден олардың қазіргі деңгейлерін өз тобымыздағы қарсыластарымыздың көріп, бағамдап алмаулары да ескерілген сияқты.
Әйтсе де, бұл ойын шектен тыс татысты өтіп, Қазақстан құрамасы бір доп айырмасымен жеңіске жетті. Енді біздің жігіттер 13 қыркүйек күні таңғы сағат 7:00-де өтетін, әлем чемпионатындағы алғашқы ойындарына дайындалады.
Австралия – Казахстан – 1:2
Голдар: Довгань, 5 (0:1). Дуглас, 5 (0:2). Басгер, 30 (1:2).
Ескерту: Дуглас, 4. Таку, 7. Игита, 32. Довгань, 39 – Адели, 24. У.Джовенали, 29. Г.Джовенали, 38.
Алаңнан қуылғандар: Дуглас, 19 (екінші екерту), Таку, 29 (спортқа жат қылық) – У.Джовенали, 29 (спортқа жат қылық).
Австралия: Константинов, Майорана, Спафис – Басгер, Г.Джовенали (к), Росиер, У.Джовенали, Сито, Гарриентос, Зебаллос, Фогарти, Локхарт, Адели
Қазақстан: Гуров, Игита – Кнауб, Нұрғожин, Пенгрин, Сүлейменов, Есенаманов, Довгань, Першин, Таку, Дуглас.
Төрешілер: Камарго, Гомез (екеуі де – Колумбия)
6 қыркүйек 2016 ж. Букараманга (Колумбия). «Висенте Диаз».