Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті кездесуін Швейцарияда өткізіп, алаң иелерінен оңбай ұтылып қалды. Бұл тоғызыншы електік топтағы екі құраманың алтыншы ойындары болатын.
Швейцария жастары бұл ойында бар жағынан басым түсті. Қазақстан жастары қақпасын 22 рет нысағана алып, үш гол соқты. Ал біздің құрама 90 минутта екі-ақ соққы бағыттап (оның біреуі қақпадан қиыс кетіп), алаң иелеріне лайықты деігейде қарсылық көрсете де алмады...
Тіпті үш ойыншымыз ескерту алып, біреуі алаңнан қуылды. Қалай десек те, Вахид Масудов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасының футболшыларына ойындарын да, тәртіптерін де түзеу керек сияқты.
Айтпақшы, Қазақстан U-21 құрамасы келесі екі ойынын өз жерімізде, дәлірек айтқанда, Ақтөбеде өткізеді. 6 қазан күні Англия таланттарымен додаға түссе, 11 қазанда Норвегия жастарын қабылдайды.
Швейцария U-21 – Қазақстан U-21 – 3:0
Голдар: Хелифи, 28. Анга, 41. Фернандес, 63.
50-минутта Куксин алаңнан қуылды (екінші ескерту).
Швейцария U-21: Мвого, Гарсия, Хадергьонай, Анга, Гюлен, Араз, Хелифи (Родригес, 73), Закария, Фернандес, Табакович (Иттен, 81), Фрай (Оберлин, 62).
Қазақстан U-21: Павлов, Вороговский (Аслан, 75), Рудосельский, Сапаров, Куксин, Шайхов, Сартаков, Түлиев, Федин (Валиуллин, 65), Ветров (Әділханов, 52), Тұңғышбаев.
Ойынның қысқаша статистикасы:
Соққы: 22 – 2
Тура соққы: 8 – 1
Қиыс кеткені: 8 – 1
Тойтарылғаны: 6 – 0
Бұрыштама соққылар: 10 – 3
Офсайдтар: 4 – 2
Ескерту (сары қағаз): 1 – 4
Аластату (қызыл қағаз) 0 – 1
Ереже бұзу: 17 – 12