Вернуться к списку статей

Жастар құрамасы Швейцарияда додаға түседі

Футбол
1K
Қазақстан жастар құрамасы. Фото: kff.kz
Қазақстан жастар құрамасы ертең Швейцарияда осы елдің өздерімен жасты футболшыларымен додаға түседі. Бұл – 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік сыны аясындағы матч.

Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 9-топқа түскен. Әзірше бес ойын өткізіп, төрт ұпаймен төртінші орында тұр. Тек Босния және Герцеговина футболшыларынан жоғары орналасқан.

Швейцария және Қазақстан жастары ертең түнде Биль қаласында кездеседі. Екі құрама осыдан бір жыл бұрын (7.09.2015) Алматыда кездесіп, жас футболшыларымыз 0:1 есебімен есе жіберіп алған болатын.

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Вахид Масудов жер жәннаты Швейцарияға мына жігіттерді әкетіпті:

қақпашылар – Михаил Голубничий, Илья Караваев, Станислав Павлов;

қорғаушыларТемірлан Әділханов, Рафкат Аслан, Қуаныш Қалмұратов, Карам Султанов, Тимур Рудосельский, Григорий Сартаков, Антон Куксин;

жартылай қорғаушылар Алтынбек Сапаров, Дидар Жалмұқан, Берік Шайыхов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Мирас Түлиев, Иван Антипов, Ян Вороговский;

шабуылшылар Әлішер Сүлей, Темірлан Елмұрзаев, Максим Федин, Руслан Валиулин, Самит Чулагов, Сергей Ветров.

Бес ойыннан кейінгі 9-топтағы жағдай:

1. Англия – 11 ұпай,

2. Швейцария – 8,

3. Норвегия – 7 (4 ойыннан)

4. Қазақстан – 4,

5. Босния және Герцеговина – 2.

Жалпы, Еуропа чемпионатының електік додасына қатысатын 52 құрама 10 топқа бөлінген (екі топта – алты командадан, қалған сегізінде – бес құрамадан). Топтық кезең аяқталған соң, әр топтың жеңімпазы (яғни 10 құрама) және өз топтарында екінші орын алған құрамалардың ішіндегі техникалық көрсеткіштері жоғары төртеуі келесі кезеңге шығады. Яғни – 14 құрама.

Келесі кезеңде, яғни плей-офф додасында 14 құрама жеті жұпқа бөлініп, үйде және түзде жүйесімен додаға түседі. Осы екі матчтық ойындарда жеңіске жеткен жеті құрама Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Бұл жетеуіне Еуропа чемпионатының қожайындары Чехия жастары қосылады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика