Вернуться к списку статей

Тұрақтай алмай Трабукки, қайта келді Хамитжанов

Футбол
2K
Саян Хамитжанов –
Бүгін «Астана» футбол клубының басшысы ауысты. Команданың Бас менеджері болып қайтадан Саян Хмитжанов бекітілді.

Осыдан екі ай бұрын «Астана» футбол клубының басшылары ауысып, Бас менеджері қызметіне Италия маманы Марко Трабукки тағайындалған болатын. Ал команданың бұрынғы президенті Саян Хамитжанов клубтың Байқаушы кеңесін басқаратын болып (дәл осылай жарияланып), бұрынғы Бас менеджері Қайсар Бекенов Атқарушы директор міндетіне атқаратын болып ауыстырылған-ды.

Бірақ Трабукки клубты ұзақ басқара алмады. Команда құрамындағы кейбір ойыншыларды сынап, футболшылар тұрмақ, тіпті жанкүйерлердің де зығырданын қайнатты.

Бүгін клуб басшылығы қайта ауысыпты. «Астана» футбол клубына Саян Хамитжанов Бас менеджер болып бекітілген. Елода клубының ресми сайты таратқан ақпаратқа сенсек, Марко Трабукки мырза өтініш жазып, өз еркімен қызметінен кеткен. Әрі «енді ол клубта жұмыс жасамайды» екен.

«Астана» клубының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға жан-жақты жағдай жасап, қазақ футболының тарихында ерен жетістікке қол жеткізген іскер басшыны өз қызметіне қайта оралуымен құттықтаймыз.

Саян Жақсыгелдіұлы елода клубымен жаңа жетістіктерді еңсеріп, қазақ футболының беделін арттыра береді деп сенеміз.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика