Вернуться к списку статей

Әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының тізімі

Футбол
2K
Қазақстан құрамасы. Фото: afrk.kz
Футзалдан ХІІІ әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасының сапы белгілі болды.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Какау ХІІІ әлем чемпионатына баратын 14 ойыншыны іріктеп алыпты. Өкінішке қарай, олардың сапында жақында ғана Таиландта өткен халықаралық турнирде жарақат алып қалған екінші қақпашымыз Григорий Шамро жоқ.

Сонымен Колумбияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан ұлттық құрамасының сапы:

қақпашылар

1. Игита («Қайрат»)

2. Александр Гуров («Қайрат»);

алаңдағы ойыншылар

1. Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат»),

2. Серік Жаманқұлов («Қайрат»),

3. Шыңғыс Есенаманов («Қайрат»),

4. Дәурен Нұрғожин («Қайрат»),

5. Дуглас («Қайрат»),

6. Эвертон («Қайрат»),

7. Лео («Спортинг», Португалия),

8. Михаил Першин («Қайрат»),

9. Павел Таку (Тұлпар»),

10. Александр Довгань (Тұлпар»),

11. Арнольд Кнауб (Тұлпар»),

12. Николай Пенгрин (Тұлпар»).

Естеріңізге сала кетейік, футзалдан ХІІІ әлем чемпионаты 10 қыркүйектен 1 қазанға дейін Колумбияда өтеді. Топтық кезеңде біздің құрама Аргентина, Коста-Рика және Соломон аралдары футзалшыларымен «Е» тобында бақ сынайды.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика