– Толық құрамда біз кеше ғана жиналдық. Бұрын-соңды бізде мұндай болмаған. Сондықтан, матч басында қиындықтар көп болды. Бірақ, әрдайым ойынға бір-ақ күн қалғанда жиналып, бәрін жеңе берсек... Білмеймін, енді айтарымды.
Жалпы, ойын нәтижесі жақсы. Алайда ойынымыз керемет болды дей алмаймын. Кішкене басқаша футболды қалаймын. Жігіттеріміздің ойлы, жүйелі ойын өрнегін көрсеткенін күтемін.
Дегенмен, қарсыласымызға еш мүмкіндік бермедік. Қазақстан құрамасының ойынын жіліктеп шағып тастадық. Олар бізге қарсы түк істей алған жоқ. Таңғалдыра алмады. Басқаша ойынды қаласам да олардың ойынына дайын болдық.
Жігіттеріме ризамын. Олар бүгін өздерінің еркек екендіктерін дәлелдеп, жігерлік пен мінезділіктерін көрсетті. Бір-екі эпизодтан басқасының бәрі біздің пайдамызға шешіліп жатты.
Негізі, біздің капитанымыз Валерий Кичин емес, Талант Самсалиев. Бірақ 6 қыркүйек күні Филиппин құрамасымен болатын ойыннан кейін Самсалиевті құрметпен шығарып саламыз. Вице-капитандарымыз Азамат Байматов пен Валерий Кичин. Филиппинге қарсы да футболшыларды алаңға Валерий бастап шығады.