Вернуться к списку статей

Әлем чемпионатының електік додасын бастайтын Қазақстан құрамасының сапы

Футбол
2K
Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының електік додасын бастайды. Фото: kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов те әлем чемпионаты електік додасының алғашқы матчына дайындалатын футболшылар тізімін жариялады.

Бұған дейін жазғанымыздай, бірер күннен кейін 2018 жылғы әлем чемпионатының електік додасы басталады. Қазақстан ұлтық құрамасы әуелі Қырғызстан футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл матч 30 тамыз күні Бішкекте өтеді.

Содан соң, нақтырақ айтқанда, 4 қыркүйек күні Астанада Польша құрамасын қабылдайды. Ресми ойын «Астана-Арена» стадионында біздің уақытпен 22:00-де басталады. Ал поляктар қазақ топырағына келетін құрамдарын бізден бұрын жариялап қойған.

Сонымен, осы екі ойынға дайындалу мақсатында оқу-жаттығу жиынына шақыртылған футболшыларымыздың тізімі төмендегідей:

қақпашылар С.Покатилов («Қайрат»), Д.Лория («Ертіс»), В.Плотников («Қайрат»)

қорғаушыларЕ.Ахметов («Ертіс»), А.Бейсебеков («Астана»), Д.Шомко («Астана»), Ю.Логвиненко («Астана»), Г.Сүйімбаев («Қайрат»), С.Малый («Ертіс»), В.Дмитренко («Тобыл»);

жартылай қорғаушылар Б.Исламхан («Қайрат»), С.Мұжықов («Астана»), И.Қуат («Қайрат»), А.Нұрғалиев («Астана»), М.Байжанов («Шахтер»), А.Тағыберген («Астана»), С.Смақов («Ордабасы»), А.Мухутдинов («Тобыл»), С.Лунин («Қайрат»);

шабуылшылар Ж.Молдақараев («Оқжетпес»), Т.Нөсербаев («Астана»), Р.Мұртазаев («Ертіс»), С.Хижниченко («Тобыл»).

Резерв:

қақпашы С.Отарбаев («Ақтөбе»);

қорғаушылар А.Кислицын («Оқжетпес»), Е.Постников («Астана»), И.Воротников («Тараз»),

жартылай қорғаушылар М.Төлебек («Ордабасы»),  Ж.Қожамберді («Оқжетпес»), А.Таубай («Тараз»), М.Хайруллин («Оқжетпес»); 

шабуылшы А.Щеткин («Ақтөбе»).

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика