Вернуться к списку статей

Польша Қазақстанға келетін құрамын жариялады

Футбол
2K
Қазақстанға келетін Польша құрамасының сапы. Фото: onet.pl
Польша құрамасының бас бапкері Қазақстан ұлттық құрамасымен өтетін ойынға дайындалатын 17 футболшысының тізімін жариялады.

Санаулы күндерден кейін 2018 жылғы әлем чемпионатының електік додасы басталады. Қазақстан ұлтық құрамасы алғашқы ойынын 4 қыркүйек күні Астанада Польша футболшыларымен өткізеді. Бұл ойын біздің уақытпен 22:00-де басталады.

Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка осы ойынға дайындалатын футболшыларының тізімін жариялады. Олар оқу-жаттығу жиынын 29 тамыздан бастайтын көрінеді.

Ал Қазақстан ұлтық құрамасы 30 тамыз күні бішкекте Қырғызстан футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Бірақ біздің құраманың сапы ресми түрде әлі жарияланған жоқ.

Сонымен Польша құрамасының сапы:

қақпашыларАртур Боруц («Борнмут», Англия), Лукаш Фабьяньски («Суонси», Англия), Войцех Щенсны («Рома», Италия);

қорғаушылар Тьяго Ционек («Палермо», Италия), Камиль Глик («Монако», Франция), Лукаш Пищек («Боруссия», Дортмунд, Германия), Бартош Саламон («Кальяри», Италия), Артур Енджейчик («Краснодар», Ресей);

жартылай қорғаушылар Якуб Блащиковски («Вольфсбург», Германия), Камиль Гросицки («Ренн», Франция), Бартош Капустка («Лестер», Англия), Гжегож Крыховяк («ПСЖ», Франция), Кароль Линетты («Сампдория», Италия), Пётр Зелиньски («Наполи», Италия);

шабуылшылар Роберт Левандовски («Бавария», Германия), Аркадиуш Милик («Наполи», Италия), Камиль Вильчек («Брондбю», Дания).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика