Вернуться к списку статей

Бақтияр Байсейітов Дмитрий Васильевке үш гол соқты

Футбол
2K
Қазақстан футбол федерациясының ХІІІ конференциясынан кейінгі жолдастық кездесу
Жақында Шымкентте Қазақстан футбол федерациясының кезекті, ХІІІ конференциясы өтіп, алқа-қотан жиыннан кейін жасыл алаңда жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Шымкенттегі «БИІК» спорт кешенінің базасында Қазақстан футбол федерациясының ХІІІ конференциясы өтіп, онда бірқатар мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданған болатын.

Осы жиыннан кейін респбликалық басқосуға қатысушылар футболдан жолдастық кездеу өткізді. Онда Қазақстан футбол федерациясының мамандары мен аймақтық футбол федерацияларының өкілдері кездесті.

Қызықты ойын 5:5 есебімен тең аяқталды. Бір қызығы, аймақтық федерациялар командасының қақпасын «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры, Ресей маманы Дмитрий Васильев қорғады.

Ал Ерлан Қожағапанов алаңға 13-нөмірлі жейдемен шықты. Себебі, Шымкентте өткен жиын ел федерациясының ХІІІ конференциясы болатын. Әрі Оңтүстік Қазақстан облысы автокөліктерінің нөмірі – 13.

Бұл ойында Қазақстан футбол федерациясы командасы сапынан көзге түсіп, гол соққандар – ҚФФ вице-прпезиденті Бақтияр Байсейітов (хет-трик), ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов, ҚФФ вице-прпезиденті және ҚР Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Бағлан Ергешев.



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика