Вернуться к списку статей

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы Президент кубогын жеңіп алды

Футбол
2K
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды. Фото: kff.kz
Шымкентте жасөспірімдер арасындағы «Қазақстан Президенті кубогы» халықаралық турнирі Қазақстан U-16 құрамасының жеңісімен аяқталды.

Кеше финалдық ойындар өтіп, Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстан таланттарын жеңіп, тоғызыншы рет өткен Президент кубогын жеңіп алды.

Бразилиядағы «Крузейро» футбол мектебінде оқып жүрген өрендеріміз Ресейдің Краснодар өлкесінен келген мектеп оқышыларын ойсырата жеңіп, 7-орынға ие болды.

Финалдық ойындар нәтижесі:

7-орын үшін: Крузейро-Қазақстан – Краснодар-Ресей – 6:0

5-орын үшін: Әзірбайжан – Қырғызстан – 2:0

3-орын үшін: Иран – Албания – 2:0

1-орын үшін: Қазақстан – Тәжікстан – 2:1

Голдар: Сейідахмет, 35. Қайыркенов, 78 – Ханонов, 61.

Турнирдің үздік ойыншылары:

Ең үздік ойыншы – Дінмұхамед Қашкен (Қазақстан)

Ең көп гол соққан ойыншы – Хагани Садыхов (Әзірбайжан)

Ең үздік қақапашы – Илья Синани (Албания)

Ең үздік қорғаушы – Тоха Шариати (Иран)

Ең үздік жартылай қорғаушы – Шахром Самиев (Тәжікстан)

Ең үздік шабуылшы – Еркебұлан Сейідахмет (Қазақстан)

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика